Экономикалық сот жемқорлық дауына іліккен судьяны қимай жүр ме?

Malim Админ

  • 24.02.2021

Қарағанды облыстық экономикалық соты "пара алды" деп айыпталған судья Ержан Ғабдуллинге не істерін білмей жүрген тәрізді.

Ratel.kz басылымының жазуынша, ақпанның 23-і күні кешке Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Facebook парақшасында судьялардың тізімі көрсетілген пост жарияланған. Тізімде Ержан Ғабдуллиннің аты болмаған. Кейіннен пост өшірілген. Бірақ басылым жазбаны скриндеп үлгерген.

Қарағанды облыстық экономикалық сотында 16 судья жұмыс істейді. Соттың ресми сайтында жарияланған судьялар тізімінде Ержан Ғабдуллиннің аты-жөні көрсетілген. Осы уақытқа дейін Ғабдуллиннің қызметінен босатылғаны жөнінде ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бірақ, оның әріптестері «Ғабдуллинді тізімге бір қосып, бір өшіріп» қимастықтарын қалай білдірерлерін білмей жүрген сияқты.

Ақпанның 6-ы күні «Ержан Ғабдуллиннің 30 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталғаны» жөнінде БАҚ-та ақпарат тараған. Болжам бойынша, судья параны құны 3 млрд теңге болатын ірі мемлекеттік тапсырысқа қатысты сот ісін ЖШС «Оливия» құрылыс комапиясының пайдасына шешу үшін алған. Бірақ БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, 30 мың доллар пара Ербол Майпасов есімді Қарағанды облыстық экономикалық сот судьясына берілуі тиіс болған. Жемқорлық дауында Майпасовтың аты аталғанымен ол судьялар тізімінен алынып тасталмаған, әлі күнге дейін өз орнында қызметін атқаруда.

Байланысты жаналықтар

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

21.04.2025

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

17.04.2025

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

05.04.2025
MalimBlocks
"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

Қарағанды облысында оқушының басына үйдің шатыры құлады

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді