Экс-Қорғаныс министрі Бектанов тұтқыннан босатылмайды   

7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

Malim Админ

  • 30.05.2022

Экс-Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды . Алматы қалалық соты осындай мәлімдеме жасады. 

«Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын», - дейді соттың баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған.  Президент  Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған еді.

2022 жылғы 19 ақпанда ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.    

Осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.       

Байланысты жаналықтар

Сот 7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрімнің апелляциялық шағымын мақұлдамады

08.11.2024

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

08.11.2024

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

08.11.2024

ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды

04.11.2024

Павлодарда жас қызды зорлаған ер адам 20 жылға түрмеге қамалды

01.11.2024

Қаржы пирамидасын құрған 2 адам сотталды

29.10.2024
MalimBlocks
Сот 7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрімнің апелляциялық шағымын мақұлдамады

«Адвокаттардың гонорары үшін қаражат жинау экстремизмді қаржыландыру емес», -  деді қорғаушы

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Оны қамауға алуға санкция беру туралы өтінішті Астананың тергеу соты қараған

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Әйелге 3 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды

Павлодарда жас қызды зорлаған ер адам 20 жылға түрмеге қамалды

Сотталушы өз кінәсін толық мойындаған

Қаржы пирамидасын құрған 2 адам сотталды

Күдіктілердің заңсыз әрекетінен 60 млн теңгеге жуық шығын келген