Енесі Назарбаевтың үстінен арыз түсірді
Болат Назарбаевқа қатысты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына арыз түсті.
«2012 жылы Болат Назарбаев өгей ұлы Данияр Кесікбаевпен Алматы қаласы Бостандық ауданын, Тимирязев көшесінде орналасқан учаскесі үшін соттасқан. Ол кезде бұрынғы президенттің бауыры жерді «сән үшін және заңды жауапкершілік жүктемеу үшін» бергенін дәлелдеген еді. Енді қазір Болат Назарбаевтың үстінен арыз түсіп отыр. Оның бұрынғы енесі 23 жыл уақыттан кейін сату-сатып алу келісімшартын жарамсыз деп танығысы келеді», деп жазады Orda.kz порталы.
Бостандық ауданының сотына Болат Назарбаевтың екінші әйелінің анасы Тұрахан Құрманғалиева арыз жазған. Ол 1999 жылы өзінің марқұм күйеуі Саудабай Құрманғалиевтың экс-президенттің інісіне Тимирязев көшесінің бойында орналасқан екі қабатты қонақүйі, көлік жуу орталығы және сән салоны бар ғимаратты сатқанын хабарлады. Қазір бұл мекенжайда BNC Plaza бизнес-орталығы бой көтерген. Алматы қалалық сотынының баспасөз-қызметі арыз түскенін растады.
Тұрахан Құрманғалиеваның арызында өзінің ешқандай келісімшартқа келісім бермегенін, демек шарттың заңды күші жоқ екені жазылған. Бұған дейін заңның осы нормасын Болат Назарбаевтың бірінші әйелі Гүлжан бірнеше рет қолданған. Оқиға қысқаша былай болған: бірнеше жылдардан соң Гүлжан күйеуінің, яғни Болат Назарбаевтың Медеу ауданындағы жерді басқа адамдарға сатқанын білген. Кейін олар Ханболат Назарбаев пен Данияр Кесікбаевтың қол астына өтті. Әйелі бірнеше рет сотқа шағым түсіріп жеңіп шыққан.