Ерлан Қошанов: Түркі кеңістігінде жан-жақты байланыс керек

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Түркияның астанасында өткен «Әділетті әлем үшін парламенттік дипломатия: энергетика, көші-қон, азық-түлік» тақырыбындағы Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының ХІІ пленарлық отырысына қатысқанын мәжілістің баспасөз орталығы хабарлады.

  • 28.04.2023

Баспасөз мәлімдемесіне қарағанда, алдымен ұйымға мүше елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия Парламенті жетекшілері ТүркПАның Кеңесі отырысында бас қосқан. Мәжіліс спикері Түркия тарапына қонақжайлық танытып, бүгінгі іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылық білдірген. Биыл Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына 15 жыл толды. Биылғы жиынға  қонақ ретінде келген Түрікменстан Парламенті басшысы мен бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Парламентінің өкілі қатысқан.  Ал Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының жетекшісі жиынға онлайн режимінде қатысқан.  

«Біздің мемлекет басшыларымыз түркі әлемінің дамуы жолында шексіз үлес қосып келеді. Осыдан бір жарым ай бұрын Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті өтті. Онда көшбасшылар біздің бауырлас елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылдады. Осыған орай біз де өз тарапымыздан парламентаралық іс-қимыл арқылы көшбасшыларымыздың қарқынына ілесе білуіміз керек», – деп сөз сөйлеген екен Ерлан Қошанов.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі энергетика, көші-қон және азық-түлік тақырыбы жан-жақты талқыланған. Бұл түркі мемлекеттері үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Өз кезегінде, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов түркі кеңістігінде энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге баса назар аударған. Көші-қон саласында да ынтымақтастықты арттыру қажет екенін айтқан. Бұл мәселені жан-жақты талқылау үшін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыруды ұсынған.

Ерлан Қошанов Қазақстан Түркі әлемінің қара шаңырағы ретінде түркі интеграциясының одан әрі дамуын қолдайтынын мәлімдепті.

«Биыл қазан айында Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық Саммиті түркі әлемінің алтын бесігі – киелі Түркістан шаһарында  ұйымдастырылып, төрағалық Қазақстанға өтеді. Осы тұрғыда барлық түркі  бірлестіктерімен бірігіп, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдауымыз қажет. Және Парламенттік Ассамблея ретінде оның орындалуын қадағалауға тиіспіз», – депті мәжіліс спикері. Спикер осы бастамалардың барлығын парламенттік дипломатия арқылы іске асыруға, түркі халықтарының бірлігі мен достығын одан әрі нығайтуға шақырған.

Отырыс соңында тараптар Анкара декларациясын қабылдаған. ТүркПА-ның келесі ХІІІ жиыны 2024 жылы Әзербайжанда өтпек.  

Анықтама үшін: «Түркі әлемінің келешегі – 2040» – түркі тілдес халықтар арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал ететін бірегей бағдарлама. Құжатта түркі тілдес қоғамдастықтың ұзақ мерзімді мақсаттары көрсетілген. Ол сауда, транзит, энергетика, жасыл экономика, туризм, инвестиция, шағын және орта бизнес сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Байланысты жаналықтар

Парламент депутаттары каникулға кетті

28.06.2024

21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

19.06.2024

14 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

12.06.2024

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан Қошанов барады

22.05.2024

Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды

05.03.2024

Мәжіліс төрағасы Ресейге ресми сапармен барды

04.03.2024
MalimBlocks
Парламент депутаттары каникулға кетті

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарайды.

14 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өкімге қол қойды.

Иран президентін жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан Қошанов барады

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды

Қос тарап парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Мәжіліс төрағасы Ресейге ресми сапармен барды

Сапар аясында Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған.