Ермахан Ыбрайымов депутат болды

Malim Админ

  • 14.01.2021

Nur Otan партиясы Алматы мәслихатына 29 депутат тізімін ұсынып, оны аумақтық сайлау комиссиясына жіберді. Мәслихатқа Nur Otan ұсынғандардың арасында бокстан Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, кәсіпкер, шахматист, халықаралық спорт шебері Жансая Әбдімәлік, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, Nur Otan-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, кәсіпкер,«Q3 Worldwide» инвестициялық холдингісінің бас директоры Қайрат Құдайберген бар.

Мәслихат депутаттарының тізімінде қаладағы аурухана жетекшілері де жүр. Атап айтқанда, №5 қалалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов, қалалық кардиология орталығының бас дәрігері  Алмат Қодасбаев 29 депутаттың тізіміне енген.

Билік партиясы Алматы қаласының мәслихатына ұсынған тізімдегі адамдардың орташа жасы – 43. Тізімдегілердің 31 пайызы әйелдер. Мәслихатқа кандидаттардың 24 пайызы жастар.

 

Байланысты жаналықтар

Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзақ қаралып жатқаны белгілі болды

14.06.2024

Ермахан Ыбрайымов жаңа қызметке тағайындалды

29.03.2021

Белсенді Ермахан Ыбырайымовты сотқа берді

25.01.2021

Ермахан Ыбрайымов: Мен титушка емеспін

11.01.2021
MalimBlocks
Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзақ қаралып жатқаны белгілі болды

Сот алқасының басшысы бұған сот зерттеуге міндетті көптеген материал бар екенін айтты.

Ермахан Ыбрайымов жаңа қызметке тағайындалды

Белсенді Ермахан Ыбырайымовты сотқа берді

Ермахан Ыбрайымов: Мен титушка емеспін