"Ирина Кайратовна" Дудьке берген сұхбатында Заманбектің қазасы жайлы айтты

Malim Админ

  • 13.05.2021

Youtube-тің Қазақстандағы сегментіндегі аса танымал "Ирина Кайратовна" тобы Ресей журналисі Юрий Дудьке сұхбат берді. Топ мүшелері өз шығармашылығы, 19 миллион қаралым жинаған "5000" клипі мен оған арқау болған оқиғаларға тоқталды.

Ресей журналисі Юрий Дудь "Ирина Кайратовнадан" сұхбат алу үшін өз командасымен бірге Алматыға арнайы ұшып келген. Топ мүшелері сұхбатты Шарын шатқалы, Көлсай мен Алматыда берген.

Дудь сұхбатта 19 миллионнан астам қаралым жинаған "5000" клипіне тоқталды.  "5000" клипінде "Ирина Кайратовна" коронавирус індеті өршіп, халық аурудан қайтыс болып жатқанда, бұрынғы президенттің туған күнімен тұспа-тұс келетін астана күнінде Нұр-Сұлтанда атылған отшашу, миллиардтар құйылса да құрылысы аяқталмаған астанадағы LRT, оппозициялық саясаткерлерді өлтіру, жемқорлық тәрізді биліктің шымбайына тиетін дүниелерге тоқталады.

"5000" клипі Қазақстан үшін өте батыл мәлімдемелерге толы клип. Қазақстандағы осындай батыл мәлімдемелерді ашық айтатындар бар ма?" деген Дудьдің сұрағына топтың режиссері Қуаныш Бейсеков: "Мүмкін, саясатта жүрген адамдар айтатын шығар. Бірақ entertainment саласында жүргендерден ешкім ашық айта алмайды. Қазақстанда адамдар Құдайдан емес, адамдардан қорқады. Асылы, керісінше, адам адамдардан емес, Құдайдан қорқуы керек. Мені сол адамдардың алдындағы қорқыныш тоқтатқан жоқ", - деп жауап береді.  

Дудьдің "қандай адамдар?" деген сұрағына Қуаныш Бейсеков: "билік, президент, премьер-министр, ҰҚК қызметкерлері" деп жауап берді.

Дудь клиптегі оппозициялық саясаткер өлімі мен астана күнінде атылған отшашуды да айналып өтпеді.

"2020 жылы коронавирус өршіп, адамдар қайтыс болып жатқанда емге ақша жетпеді, ауруханада орын тапшылығы байқалды.  Сол кезде отшашу атылғаны халықты, оның ішінде мені ашуландырды", - деді топ мүшесі.

Сонымен қатар Дудь клипте үш рет оқ атылған адам жайлы сұрайды. Топ мүшесі бұл биліктің ресми мәлімдемесі бойынша, өзін-өзі үш рет атқан Заманбек Нұрқаділов екенін айтты. Дудь бұл өзіне-өзі  қол жұмсауға ұқсамайтынын жеткізді. Онымен келіскен топ мүшесі осы қазадан кейін билікті сынағандардың бәрі тұншықтырылды деді.

"Ирина Кайратовна" тобы сұхбатта Youtube-тегі "Шоу Ирина Кайратовна" арнасын сатып жібергеніне де тоқталды. Дудь режиссер Қуаныш Бейсековтен оның себебін сұрады. Бейсековтің айтуынша,  топ бастапқыда Salem Social Media компаниясымен келісімшартқа отырған, келісімшарттың талабы бойынша "Ирина Кайратовна" каналға контент беруі тиіс болған, алайда бұл саясатқа жоқ контент болсын деген талап қойылған.

"Келісімшарт бойынша, біз каналды Salem Social Media-ға өткізіп беріп, контент беріп тұруға міндеттелдік. Компания бұл саясатқа қатысы жоқ контент болсын деген талап қойды.  Сол талапты орындай алмай қалдық. Сөйтіп, канал оларға өтіп кетті", - деді Қуаныш Бейсеков.

"Каналды нешеге саттың?" деген сұраққа Бейсеков 2018 жылы каналды 10 миллион теңгеге сатқанын айтты. Алайда сол кезең қайтып келсе, каналды мүлде сатпас едім, тіпті солармен (Salem Social Media) жұмыс істемес едім", - деп жауап берді.  

Топтың режиссері Қуаныш Бейсеков митингілер туралы пікір білдіріп, елдегі ең соңғы ауқымды митингілер 2019 жылы  президент сайлауынан кейін болғанын, сол митингіге қатысқанын мәлімдеді.

"Бір сценарий үнемі қайталана береді. Бір кандидатқа көзбояу төрт кандидатты қосып қояды. Сіздердегі Жириновский сияқты.  Қосанов шын кандидат, жаңа толқын өкілі сияқты еді, артынша ол да мемлекеттік жоба болып шықты", - деді ол.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.