Көлгіновтың рейтингі түсіп кетіпті

Malim Админ

  • 18.06.2020

Қазақстандағы 17 әкімнің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 16 орында тұр. 42 жастағы астаналық әкім тек қана Шымкент қаласының басшысы Мұрат АЙТЕНОВТЫ басып озған.

Бұндай мәліметті Медиалық технология орталығы таратқан. Мамыр айының қортындысы бойынша Нұр-Сұлтан басшысы Алтай Көлгінов әкімдер тізімінде тым төмен түсіп кеткен. Әрине, оған қалалық әкімдіктегі жемқорлық іске қатысты шенеуніктердің ұсталуы және коронавируспен күресте денсаулық сақтау саласындағы олқылықтар әсер етіпті. Блогер Аида ЖЕКСЕН сау адамдарға коронавирус жұқтырмақшы болған фактілерді хабарлаған.

Сондай-ақ, бас шаһар басшысы мамыр айында  пияр сүйгіштігімен де танылды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қызметін интернет-ресурстар, блогтар мен әлеуметтік желілерде жазып көрсету үшін 267 миллион теңгенің тендерін ойнатқан. Тендерді 23 жастағы Азиза Асқарқызы Әбілбек жетекшілік ететін New Vision Ltd ЖШС жеңіп алған. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ «Тоқаевтың сөзін Көлгінов құлағына қыстырмай ма?» атты мақалада толық жазған.

Сондай-ақ, газ қосу, коммуникация мен үлескерлердің бітпей жатқан нысандары сынды шешімін таппай жатқан проблемалар бар. Медиалық технология орталығының қортындысы бойынша бір қуантарлығы астана халқының азаматтық белсенділігі артқан. Жұмысын дұрыс атқара алмай жатқан әкім тым құрығанда азаматтық қоғамның күшейе түскеніне өз үлесін қосқан сияқты.

Фото: sputniknews.kz

 

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.