Көптоғайдағы дау Қалқаннан шығыпты
Әлеуметтік желі арқылы Атырау облысындағы ресейліктер басып алған жерге қатысты ала бөтен ақпарат тарап, жұртты дүрліктіріп жіберді. Көп кешікпей stopfake.kz сайтында Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді. ҰҚҚ хабарлауынша, Атырау Көптоғайындағы жер басып алу тартысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетіліп, таратылған.
«2021 жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода «Қалқан-2021» оқу-жаттығулары көрсетілген. Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуын сұрайды. Сондай-ақ ҰҚК жалған ақпарат таратпауға шақырады», – деп ескертіпті құзырлы орын. Тыныш жатқан Көптоғайды дүрліктірген Қалқан жаттығуы үшін кешірім сұраймыз демепті.