freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құран оқығандарға тегін кофе берген кофехана акциясын тоқтатты

Қоғам
Құран оқығандарға тегін кофе берген кофехана акциясын тоқтатты
Видеодан скрин

Астанада кофехана Құран сүрелерін жатқа оқығандарға тегін кофе ұсынған. Кейін қоғам наразылығынан кейін акция мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы  Malim.kz Stan.kz-ке сілтеп хабарлайды. 

Кофехана әкімшілігінің айтуынша, акцияның мақсаты келушілерді Құранның тағы бір сүресін жаттауға немесе бұрын білгендерін еске түсіруге ынталандыру болған. Сонымен қатар акция 7 күнге жоспарланған. 

Бұдан кейін желі қолданушылары бұл әрекетті қызу талқылады. Олар құран сүрелерін кәсіпті жүргізу үшін қолданылғанына наразы болды.

Осы талқылаудан соң мекемеге құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Кофехана иесі кейін бұл акцияның заң талаптарына сәйкес болмағанын мойындап желіге видео жариялады. 

“Бұгіннен бастап біздің акциямыз тоқтатылды. Бізге құқық қорғау орындары барлығын түсіндірді. Бұл акция еліміздің заң талаптарына сай келмейді. Мен заң талаптарын сақтайтын азамат ретінде акцияны тоқтаттым. Өз пікірлерін айтқан барша жанға алғысымызды білдірміз. Келіп үлгеріп, акцияға қатысқандарға да рахмет”, – деді ол. 

Астана қаласының Дін істері басқармасы кофехана иесімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң талаптары мен осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік түсіндірілгенін мәлімдеді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу