Коронавирус шыққан Қытай Қазақстанға көмектеспек

Malim Админ

  • 02.04.2020

"Коронавирусты жеңдік" деп мәлімдеген Қытай бүгін Қазақстанға алғашқы гуманитарлық көмекті жөнелтті. Алматы әуежайына жеткізілген гуманитарлық көмектің ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киім бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай басшысы Си Цзиньпинмен жақында телефон арқылы сөйлесіп, Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек береді деген келісімге келген.

Жақын арада Қытайдан медициналық қорғаныс құралдарының тағы да келуі күтілуде.

Ал бүгін таңертең денсаулық сақтау министрлігі тағы 16 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Бас қалада – 7, Атрау облысында – 2, Қарағанды облысында – 6, Солтүстік қазақстан облысында бір адамға вирус жұққан. Сөйтіп, елде коронавирус анықталғандардың саны 402-ге жетті. Коронавирустан 26 адам айығып, 3 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыздар: Біртановтың пропагандасы қанша тұрады?

COVID-19 дерті алғаш рет желтоқсан айының аяғында Қытайдың Ухань қаласынан шыққан еді. Бүгінде әлемде вирус жұқтырғандар миллион адамға жуықтады.47 мыңнан астам адам көз жұмып, 193 мың адам айыққан. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озған Италияда коронавирус 110 мың адамнан анықталды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады