"Көшбасшы!" – Тоқаев Қошановпен келісе қоя ма?

Бүгін Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр...

  • 06.10.2022

 

Мәжіліс спикері – Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өз партиясы атынан қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты президент ретінде ұсынатынын айтты.

«Біз қазір бірге сәтті Республика құруды жүргізіп жатырмыз. Біздің соңынан ерсек ешқашан адастырмайтын, жоспарымызды іске асырмай қоймайтын көшбасшымыз бар. Ел басына күн туғанда бар жауапкершілікті мойнына алған, мемлекеттігімізді сақтап қалған, отанымыздың хаосқа айналуына жол бермеген көшбасшы! Сол үшін де бүгінгі Amanat партиясының міндеті және сіз бен біздің тарихи жауапкершілігіміз – бүкіл қазақстандықтарды дамуға бағытталған президент реформалары үшін жұмылдыру», - деп көсілді ол.

Бір қызығы, Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ғана Павлодарда халықпен кездесу кезінде өзінің қандай саяси бірлестік атынан сайлауға түсуі мүмкін екенін айтқан.

«Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын», - деген президент Қошановтың аса құрметпен жасаған ұсынысын қабылдай қояр ма екен?

Жалпы, соңғы уақытта Amanat партиясы саяси аренада көп көрінбей кетті. Бұрынғы «Нұр Отан» атауы ауысқалы бері бұл партия ешкімге керек болмай қалды, Тоқаев осы арқылы бұл партияны таратып тынады деген пікірлер де жиі айтылады.

Осыдан дәл екі күн бұрын ғана Тоқаев Қошановты жеке қабылдаған. Бұл кездесуде Amanat-тың кандидаты туралы сөз болмай қалуы мүмкін емес сияқты. Демек, кешелі бері не Тоқаев ойнап отыр, не Қошанов ойнап отыр.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады