«Күйеуімді ОМОН ұстап алып кетті»

Олжас Қасым

  • 21.08.2020

Саяси тұтқындарға бостандық сұраған жаңаөзендіктерге 10 тәулікке қамалды. Олар Жаңаөзеннің орталық алаңына шығып ақын-диссидент Арон АТАБЕК, қоғамдық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Ержан ЕЛШІБАЕВТЫ босатуды талап еткен.

«Кеше ондар шамасында  жолдасым жолда кетіп бара жатқанда Омон ұстаған. Бейне бір қылмыскерді ұстағандай ұстаған ғой. Құрық ауданына алып кетті. Бірге пикетке шыққан Мұрат Жұмағалиевті Форт-Шевченкоға, Ғазиз деген азаматты Ақтаудың түрмесіне қамады. Оларды неге бөліп-бөліп әрбір жерге қамағанын түсіне алмай отырмыз. Оларға карантин кезінде топтасқандары және жергілікті билік өкілдеріне ескертпей заңсыз митингіге шықты деп айыптады», - дейді жолдасы 10 тәулікке қамалған Гүлжамал НҰРҒАЛИЕВА  МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Гүлжамалдың жолдасы Нұрлыбек НҰРҒАЛИЕВ 2011 жылы Жаңаөзенде алты ай ереуілде тұрған мұнайшылардың бірі. Сол кезде тамағына оқ тиген болатын.

Жаңаөзендіктер жерлестері Ержан Елшібаевқа түрмеде қысып көрсетіп жатқанын да мәлімдеген еді. Ержан 2019 жылдың басында Жаңаөзенде өткен наразылық акциялардың ортасында жүрді. Өңірдегі жұмыссыздықты айтып, халыққа еңбекақысы жақсы жұмыс орындарын ашуды талап еткен.

«Ол азаматтар түрмеде жазықсыз жатқан жандарға араша түскендері үшін қамалып отыр. Біз қазір оларға адвокат іздестіріп жатырмыз. Және отбасыларына қолдау білдіріп жатырмыз», - дейді «Қазақстан демократиялық партия» бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат МАМАЙ.

Фото: facebook.com

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

31.05.2023

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

25.05.2023

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

24.05.2023

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

22.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023
MalimBlocks
Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

Билік 4 миллионнан астам құрбан мен 25 мың атылған боздақтарды мансұқ етті

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

Айдос Мелдехан бұл әрекетті өзіне жасалған қысым деп есептейді. Себебі ол қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келеді.

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

Алматинский районный суд № 2 города Астаны рассматривает уголовное дело 38-летнего жителя столицы Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни.

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

Наурыз айында таулы шекара арқылы Қырғызстанға із суытқан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты Бішкекте тергеу басталды. 

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр