«Курстастар». Сқақов кетті, Байханов келді

Жаңа әкім бұрынғы бастығы жеңе алмаған монополистерді жеңе ала ма?

Алмас НҮСІП

  • 07.12.2022
А.Байханов пен Ә.Сқақов, 2021 ж. / Фото: Валерий Бугаев

Екібастұздағы жағдайдан кейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов орнынан кеткенен кейін бір апта бос тұрған облыс әкімінің креслосысы иесін тапты. Ол да бөтен емес, Павлодар қаласының әкімі болған Асайын Байханов.

Кәсіпкер Байхановтың Павлодар облыстық әкімдігіне қызметке араласа бастағанына көп бола қойған жоқ. Қаржы саласында, ауыл шаруашылығы бойынша кәсіпкерлікпен айналысып, осы салада қызмет етіп жүрген жерінен 2020 жылдың наурызында өзі де облыс әкімі болғанына жаңадан екі айдай уақыт болған Сқақов өзінің орынбасары етіп осы шақырып алды. Байханов бұл кезде «ҚазАгро» холдингі құрамындағы  «ҚазАгро Азық-түлік» корпорациясында төраға орынбасары болып жүрген.

Бірақ, Сқақовтың бұл шешімінен соң Байханов пен Сқақовтың қандай да бір жақындығы бар ма, жоқ па деген сұрақ онша талқылана қойған жоқ. Біз Сқақов кетіп, орнына өзіне орынбасар болған, облыс орталығының әкімі болған Байханов тағайындалған соң, екі қаржыгердің жолы қай жерден бастап түйіскенін қарап көрдік.

Екеуі де университетті экономика саласы бойынша оқыған. Ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша нақтыласақ, Сқақов алдымен 1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын тәмамдап, одан ары 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен қаржы және экономика мамандығын алып шыққан. Ал, Байханов 2000 жылы Павлодар университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әрине, бұл кезде екеуі де 20-дан енді асқан, 30-ға жетпеген жас жігіт, аралас-құралас болған, болмағанын айту қиын. Дегенмен, екі әкімнің өмірбаянын қарап отырғанда, олардың жолы Ломоносов атындағы Мәскеу үниверситетінде түйісетінін байқаймыз. Екеуі де 2017 жылы осы университетті тәмамдаған. Сқақов "Master of Business Administration" - Іскерлік әкімшілік шебері» дәрежесін; Байханов «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесін алып шыққан.

Бір қызығы, мамандықтарын екеуі екі түрлі жазғанмен, екі мамандықтың да бір факультетке – экономика факультетіне қарайтыны түсінікті. Бірақ, неге біреуі магистр, бірі шебер дәрежесін алып шыққаны түсініксіз. «Іскерлік әкімшілік шебері» мен «Іскерлік әкімшілік магистрі» мамандықтарының қандай айырмашылығы бар екенін өздері айтпаса, біз түсіне алмадық. Бұл жерде айта кететін тағы бір нәрсе, екі әкім де бұл мамандықты тікелей Мәскеуден оқыды ма, Астанадағы филиалынан оқыды ма, ол жағын да нақтыламапты. Бір анығы, Гумилев университетінің базасында орналасқан бұл филиалда экономика («Ұлттық экономика», «Қаржылық сараптама») мамандығы бойынша магистратура бар.

 

«Облыс әкімі қала әкімінің міндетін ауыстыра алмайды»

Байханов Сқақовтың орынбасары болып Қазақстанда коронавирус пандемиясы қызып тұрған кезде келді. Облысқа келе салып, әлеуметтік желілер арқылы елдің сұрағына жауап беріп, ашықтық танытқан Сқақов сияқты Байханов та INSTAGRAM желісінде белсенділігімен көзге түсіп жүрді.  Араға жылға жуық уақыт салып, Байзановты Павлодар қаласына әкім етіп тағайындаған Сқақов сол жиында бір сөз айтты:

«Нақты іске келгенде былай боп шығады: уақытын өткізіп алады да, содан кейін маған, менің орынбасарларыма немесе басқарма басшыларына кірісуіне тура келеді. Облыс әкімдігі қала әкімдігінің міндетін ауыстыра алмайды. Бұл менің принципім».

Бүкіл Қазақстанды елеңдетіп қойған, өзінің орнынан кетуіне себеп болған Екібастұз қаласындағы жағдайға оның осындай принципі кесірін тигізбеді ме екен деген ой келеді. Бірақ, осы тамызда ғана Екібастұздың жаңа әкімі етіп Аян Бейсекинді тағайындағанда жылыту маусымына қатысты: «Қазіргі ең маңызды мәселелердің бірі – алдағы жылыту маусымының жақындауы. Бүгін жылумен қамту мәселесіне қатысты барлық тараптардың қатысуымен бөлек жиын өтеді", – деген.

Соған қарағанда, «барлық тараптарды қатыстыра» отырып, өзі араласса да Екібастұздағы жағдайды реттей алмаған сияқты. Сқақов орнынан кеткенде «сүйікті әкімдерін» қимаған кейбір павлодарлықтар әлеуметтік желіде «оған кінәлі Сқақов емес, монополистер, соларды жазалау керек, әкімге неге тиіседі?» деп ренжіген.

Не де болса, Сқақовтың орнына өзі мемлекеттік қызметке араластырып, алдымен орынбасары, одан кейін қала әкімі етіп бекіткен Байханов келді. Иә, экс-әкім айтқандай, «облыс әкімі қала әкімінің міндетін ауыстыра алмайды», бірақ, қала әкімі облыс әкімін ауыстыра береді екен. Әлде, «курстастар» орнын алмастыра бере ме? «Қосылғыштардың орны өзгергенмен...» деп басталатын аксиомалық ереженің Павлодар облысының әкімдеріне қатысы болмайтын шығар деп үміттенейік.

Байланысты жаналықтар

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

27.03.2024

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

12.12.2022

Бір миллиард бюджет қаржысына ескерткіш қойылмақ

09.06.2021

Қамалған депутат "Nur Otan"-нан шығарылды

27.05.2021

«Nur Otan» депутаты сот шешімімен қамалды

26.05.2021
MalimBlocks
Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.

Бір миллиард бюджет қаржысына ескерткіш қойылмақ

Қамалған депутат "Nur Otan"-нан шығарылды

«Nur Otan» депутаты сот шешімімен қамалды