Лукашенко митингіге шыққандарды танкімен қуа ма?

Malim Админ

  • 17.05.2021

Беларусь Республикасының президенті Александр ЛУКАШЕНКО жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери және арнайы техниканы қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл туралы Мalim.kz ресейлік lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, ішкі істер саласының қызметкерлері видео мен фотоға түсіруге тыйым сала алады. Полиция заңға сәйкес қару мен арнайы техниканы қолданса жауапқа тартылмайды.  

Беларусь елінде былтырғы жылдың тамыз айынан бастап қарсылық акцияларын жүріп жатыр. Халық президенттік сайлаудан кейін көшеге шыға бастаған. Олар сайлаудың әділетсіз өткендігін айтып, президент Лукашенконың отставкаға кетуін талап еткен. Кісі өлімі де болып, көптеген адам тұтқындалған. Ресми Минск болса, бұның артында сыртқы күштер тұр деп мәлімдеген.  

Фото: zen.yandex.ru