freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сарапшылар «Әділет» партиясының бағдарламасын тиянақты әрі жүйелі деп атады

Саясат
Сарапшылар «Әділет» партиясының бағдарламасын тиянақты әрі жүйелі деп атады
Әділет партиясы

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға санаулы күндер қалды. Осыған байланысты сарапшылар кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын талдап, Мемлекет басшысының реформаларымен сабақтасқан «Әділет» партиясының бағдарламасына ерекше назар аударды.

Сарапшылардың айтуынша, бағдарламада нақты мақсаттар мен мерзімдер, сондай-ақ оларды іске асырудың жолдары көрсетілген. Әлеуметтік міндеттемелер де елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сай белгіленген.

Сарапшы Мадия Төребаеваның пікірінше, «Әділет» партиясы сайлауға қатысатын жеті партияның ішінде ең жүйелі әрі тиянақты бағдарламаны ұсынып отыр.

«Жеті партияның бағдарламасын уәделер санына емес, оларды жүзеге асырудың нақты тетіктеріне қарап салыстырсақ, ең жүйелі бағдарлама «Әділеттікі»деп ойлаймын. Оның басты ерекшелігі - қоғамның әлеуметтік сұраныстарын мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерімен ұштастыра білуінде болып отыр», – деді ол. 

Төребаеваның айтуынша, бүгінде сайлаушыларды, ең алдымен, бағаның өсуі, халықтың табысы, жұмыс орындары, медицина мен білім беру мәселелері алаңдатады. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берумен қатар, оны қандай ресурстардың есебінен жүзеге асыруға болатыны да түсінікті болуы керек. 

«Экономика дамымай, халықтың табысын арттыру мүмкін емес. Тұрақты бюджет болмаса, әлеуметтік міндеттемелерді орындау қиын. Бизнесті дамытпай, жаңа жұмыс орындарын құру да мүмкін емес. Ал білім мен адами капиталға инвестиция салмай, технологиялық жаңғыруға қол жеткізе алмаймыз. Сайлауалды бағдарламаның қаншалықты өміршең екенін осыдан көруге болады, яғни уәде бергеніне емес, сол уәделерді жүзеге асыруға қажетті ресурстардың қайдан алынатынын көрсете білуінде», – деп атап өтті сарапшы.

Саясаттанушы Лилия Маньшина да әріптесінің пікірін құптады. Оның айтуынша, «Әділет» партиясы саяси бәйгеде ең жүйелі әрі мазмұнды құжатты ұсынып отыр.  

«Меніңше, бұл сайлауда ең жүйелі жоспарды «Әділет» партиясы ұсынды. Бағдарламада қандай шаралардың атқарылатыны, олардың мерзімі мен нақты көрсеткіштері көрсетілген. Экономика, жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелер, өңірлерді дамыту, сот төрелігі сияқты маңызды бағыттардың барлығы қамтылған», – деді ол.

Маньшина бұған мысал ретінде партияның 2031 жылға дейін кемінде 1 миллион сапалы жұмыс орнын құру мақсатын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жұмыс орындарында тұрақты еңбек етуге жағдай жасалып, жалақы өңірдегі орташа деңгейден төмен болмайды. Сондай-ақ әлеуметтік пакет пен қауіпсіз еңбек жағдайы қарастырылған.

Сарапшының айтуынша, өңірлерге сапар кезінде «Әділет» кандидаттары партия бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жергілікті мәселелермен ұштастыра білген. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, ауылды қолдау, энергетика, цифрландыру және сот төрелігі мәселелеріне басымдық берілген. 

«Науқан соңына таяған сайын партиялардың бағдарламалары арасындағы айырмашылықтар анық байқала бастады. «Әділет» әділетті Қазақстанды нақты міндеттер мен оларды орындау мерзімдері арқылы көрсете алды. Осы тұрғыдан алғанда, «Әділет» сайлаудан кейін өз бағдарламасында айтылған бастамаларды жүзеге асыруға дайын партия ретінде көрінеді», – деп қорытындылады Маньшина.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу