Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Мемлекет басшысы қаржы институтының Қазақстан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады

Malim Админ

  • 31.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. 

Әңгімелесу барысында тұрғын үй-коммуналдық секторы, шағын және орта бизнес, қаржы, энергетика, медицина, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы және ақпараттық технология сияқты экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ қаржы институтының Қазақстан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. 

ЕҚДБ президенті еліміздің орнықты дамуына, инвестициялық ахуалының жақсаруына және экономикалық жаңғыруына әсер ететін өзара ықпалдастықтың әлеуетті бағыттарына қатысты жоспарымен бөлісті. Одиль Рено-Бассо банк Қазақстанның инвестициялық жобаларын мұқият зерделейтінін жеткізіп, инфрақұрылымдық дамуды алдағы уақытта да қолдауға ниетті екенін мәлімдеді.

ЕҚДБ таяу жылдары «жасыл экономика» талаптарын орындау аясында елімізге 2 миллиард еуро құюды жоспарлап отыр. Биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы 22 жобаны жүзеге асыруға 650 миллион доллар бөледі. ЕҚДБ президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының сатып алу үдерісіне оң баға берді. Оның айтуынша, кредитор-компаниялардың қор ережесіне сәйкес жұмыс істеуі аталған сатып алу үдерісінің ашықтығына сенім жоғары екенін көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо жаһандық экономиканың дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

30.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025
MalimBlocks
Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам - Руслан Желдібай

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан мен Өзбекстан кездесуі туралы айтты

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді