Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі Мәжілісте талқылануы қажет – сарапшы

Malim Админ

  • 28.03.2023

Мәжіліске өткен 6 партия депутаттарының тізімін жариялады. Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Жақсыбек Жиенәлиев сайланатын депутаттар енді елімізді жаңа бір деңгейге көтереді дейді.  Сарапшымен сұхбатты El.kz ақпарат агенттігі бөлісті.  

«Сайлау науқаны басталғалы бері бірқатар партияның үгіт-насихат жұмыстарын белсенді атқарғанын көрдік. Солардың бірі «Amanat» партиясы бүгін кандидаттарының тізімін ұсынды. Құрамының 50 пайызы бұрынғы депутаттардан тұрады. Ал қалған 50 пайызы қазақ тілі мәселесін көтеріп жүрген Максим Рожин, әлеуметтік мәселелерге тоқталатын Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы және саясаткер Самат Нұртаза сынды елге танымал азаматтардан құралған. Ал жаңадан құрылған «Respublica» партиясы да ерекше көзге түсіп, 6 мандатын билікке өткізді. Оның құрамында бұрыннан келе жатқан елге танымал кәсіпкерлер, тұлғалар бар. Өз басым партиялардың атынан сайланатын депутаттар өзекті мәселелерді шешіп, елімізді жаңа бір деңгейге көтереді деп ойлаймын», - деді Жақсыбек Ақтілеуұлы.

Сондай-ақ сарапшы биылғы сайлаудың бір ерекшелігіне тоқталды.

«Осы жолғы өткен сайлаудың жақсы жаңалықтарының бірі - «Ауыл» партиясының билікке өтуі. Халықтың бұл партияға дауыс беріп, сенім білдіргені бізді қуантады. Себебі ауыл мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отыр. Оны шешу үшін билікке ауылға жақын, жанашыр мамандар келуі тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар Жақсыбек Жиеналиев мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қашанда маңызды екенін атап өтті.

«Әр партия сайлау кезінде 30 пайыздық квота бойынша өз кандидаттарын ұсынды. Енді депутаттық қызметке тағайындалатындары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін шешетін болады. Мысалы оларға арналған қарапайым қаладағы пандустардың, арнайы қоғамдық демалыс орындарының жоқтығы білінеді. Сөйтіп кейде сол жандардың құқықтары шектеліп жатады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі назардан тыс қалмай, Мәжілісте талқылануы қажет деп есептеймін», - дейді ол.

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Мәжіліске 6 партия өтеді деп күтпеген.

«Негізі депутаттар сайлауына қатысты болжамым басқаша болған. Билікке 4 партия өтеді деп ойладым. Маған басқа да сарапшылардың болжамы өзгеше болған сияқты көрінеді. Себебі 7 партияның 6-уы Парламентке өтіп кетті. Бұған өткен жылы салған саяси реформалар мен референдумдағы партиялардың 5 пайыздық межеден асып өтуі себеп болып отыр», - дейді Жақсыбек Жиенәлиев.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады