Назарбаев - әлем чемпионы

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион" мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, - деп хабарлайды Мәлім.кз сайты Сыртқы істер министрлігіне сілтеме беріп.
"Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді.
Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды", - дейді Сырты істер министрлігі.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Біреу тиіссе маған айт». Назарбаевтың «өнімі» Ақышевтың жарқын жылдары
Қолы қалт ете қалса Назарбаевтың кеңесшісі яки көмекшісі бола салатын Данияр Ақышевты Назарбаев қызметінен босатты. Бұл нені білдіреді? Өмір бақи демесек те, бірінші планға шыға бастаған кезінен Назарбаевтың жанынан шықпай жүрген бұрынғы Ұлттық банк төрағасының ендігі тағдыры не болады? Ол да Назарбаев айналасымен бірге "тазалауға" ұшырай ма, әлде, Тоқаев өзге бір қызмет ұсына ма? Бірақ, Ақышевтың "өсу жылдарына" көз салып көрдік, қазіргі президентпен жолы түйіскен жері жоқ екен...