Назарбаевқа ассамблеяны өмір бойы басқару құқығы берілмек

Malim Админ

  • 24.06.2021

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан халық ассамблеясын» өмір бойы басқару құқығы берілмек. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында жазылған.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады; 2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды; 3) Ассамблеяның басшы лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Ассамблея сессиясын шақырады; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады."; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына өмір бойы Ассамблеяны басқару құқығы тиесілі, одан ол бас тартуға құқылы», - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығының жобасында.  

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 2021 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілетін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізіп берген. Өкілетті қабылдап алған Тоқаев бұрынғы президентке "ассамблеяның құрметті төрағасы" болуын ұсынған. Назарбаев бұл ұсынысты қабыл алған.

Қазақстан халық ассамблеясы 1995 жылы құрылған. Дәл осы жылы ассамблея Нұрсұлтан Назарбаевтың президент өкілетін 2000 жылға дейін ұзартуды ұсынды. Көп ұзамай Н.Назарбаев 1995 жылдың 29 сәуірінде өз өкілетін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды қарастыратын референдум өткізу туралы қаулыға қол қойды. Ресми мәлімет бойынша, референдумға қатысқан халықтың 95,46 пайызы Н.Назарбаевтың өкілетін ұзартуды қолдап дауыс берді, тек 3,8 пайыз дауыс беруші бұл бастаманы қолдамаған.


 

 


 

 

Байланысты жаналықтар

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

09.08.2023

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

20.06.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарға тоқталды

29.03.2023

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

23.01.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023
MalimBlocks
Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

Гүлнара Каримованың Лондондағы ең қымбат аудан болып саналатын Белгравиядағы екі пәтері және Суррей графтығындағы зәулім сарайы тәркіленді.

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңырдағы резиденциясын сыйға тартты.  

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарға тоқталды

Ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

Ол сот отырысына  қатыса алмайды

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.