Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Malim Админ

  • 15.09.2023

Бас прокуратура Қайрат Боранбаевтың  6 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады. Шенеунікке қатысты  істі Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы   қарады.  

Астана қаласының прокуратурасы Қайрат Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаржысын иемденіп және оларды заңдастыруға қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады.

Жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы сотталушылардың кінәні толық мойындап, 14,5 миллиард теңгенің залалын өтегенін ескеріп, процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады. Шешім бойынша, Қайрат Боранбаев пен Р. Нахановтың мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бас бостандығынан айырып, ал Т. Жанұзақты 5 жыл бас бостандығынан айыра отырып, үшеуі де мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасына келісті.

Процестік келісім қарау және оны бекіту туралы шешімді қабылдау үшін сотқа жолданды. Еске салайық, биыл 22 тамызда апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында сотталушылар кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат берген болатын.

14 қыркүйекте Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаев мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда қанша адамның түрмеден қашқаны анықталды 

05.05.2023

Бас прокуратура минингіге шыққандар жазаланатынын ескертті

08.04.2023

Дариғаның құдасы Қайрат Боранбаев сотталды  

31.03.2023

Түркістан облысының прокуроры кабинетінде көз жұмды

09.03.2023

Қаралы қаңтар. Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталды

28.11.2022

Бас прокуратура митинг өткізуге қатысты үндеу жасады

18.11.2022
MalimBlocks
Қазақстанда қанша адамның түрмеден қашқаны анықталды 

2017 жылдан 2023 жылдың наурызына дейінгі аралықтағы деректер

Бас прокуратура минингіге шыққандар жазаланатынын ескертті

9 сәуірде  «рұқсат етілмеген митинг» өтетіні жайлы хабар тараған

Дариғаның құдасы Қайрат Боранбаев сотталды  

14,5 миллиард теңге ұрлаған

Түркістан облысының прокуроры кабинетінде көз жұмды

Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады

Қаралы қаңтар. Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталды

Күдікті ұсталып, қамауда отыр

Бас прокуратура митинг өткізуге қатысты үндеу жасады

Кез келген қызметіне тыйым салынғанын ескертті