«NUR OTAN» жастардың ордасы болу керек

Malim Админ

  • 28.12.2020

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Абай Сақтағанов Әлия мен Мәншүкті жарты ғасыр зерттеген, кеше ғана 85 жасқа толған «Қос Шынар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғалымжан ақсақал Байдербеспен кездесті.

Ұлы тұлғамен кездесудің басты мақсаты - "Nur Otan" партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасын насихаттау.

- Жарты ғасыр ғұмырын қазақтың қос шынарына арнаған ағамыз кездесу орнын Әлия мен Мәншүктің суреті бейнеленген үйдің жанында болсын деп белгіледі. Көпке үлгі боп жүрген ағамыздың сөзі біз үшін қашан да заң. Қарапайым қызметтен мектеп директорлығына дейін өз күшімен көтерілген ағамыз  « Nur Otan» партиясына қолдау танытатыны анық. Партия құрамында жастардың көп жиналғанын қалайды. Ағамыз  Әлияның туған жері Қобда өңірінде жұмыс жасап, оны тәрбиелеген жанмен жолыққан. Мәскеудегі Әлия атындағы мектепті осы уақытқа дейін қамқорлығына алған. Елгі сыйлы азаматты бүгінде тек біздің республика емес, мәскеуліктер де таниды. Сондықтан осындай ағамызға арнайы барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім,-дейді Абай Сақтағанов.

Әлия мен Мәншүкті көп дүние байланыстырады. Екеуі де соғысқа сұранып барған. Екеуіне батыр атағы бірге берілді. Екеуінің жастарын қосқанда қырыққа да жетпеген. Осыны көп ойлаған Ғалымжан Байдербес «Қос Шынар»  қоғамдық бірлестігін құрды. Бұл туралы бірнеше рет газет-журналға жазылып, телеарналар да айтылып жүр.

Әлияны көп адамдар зерттеді. Ең бірінші болып  Жұмаханов бастады. Одан кейін Асқар Сейлханов зерттеді. Біраз жұмыстанған. Оның барлығы еңбек ғой. Дегенмен туған жылын дұрыс көрсетпеген. Мен де зерттедім. Әлия мен Мәншүктің суретін осы ғимараттарға  бейнелеу Бердібек Сапарбаевтың идеясы. Ол кісі мәдениет саласында жүргендерге «бір Байдербестің жасағандарын жасай алмайсыңда»р деп айтқан еді. Ржев жөнінде үш кітап жаздым. Ржевке бірге бардық. Соның барлығын айтады. «Жалғыз өзі жүріп барлығын жасайды. Ал сендер ештеңе жасамай отырасыңдар» деп айтқан болатын. Көбі аңсайтын сексен бес жасқа да келдім. Барлығы елеп, ескеріп жатыр. Қобда бөлек, Шалқар бөлек атап өтті. Мен Шалқарлықтардың соғысқа барған тоқсан қызын тауып берген едім. Бір ауданнан тоқсан қыз барған. Аты-жөніне дейін анықтап, біліп бердім. Оның барлығын анықтау оңай дүние емес. Абай, сенде басқалардан өзгеше патриоттық сезім бар. Міне, сол үшін сен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жасап жүрсің. Сол үшін мені іздеп келдің. Осы үшін ризамын,-деді Ғалымжан Байдербес. Кездесу соңында Ғалымжан Байдербес жастардың бойынан қашан да патриоттық сезімді көргісі келетінін жеткізді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы жастардың ордасы болғанын қалайтынын жеткізді. Ал қалалық мәслихат депутаттыған үміткер Абай Сақтағанов сайлауалды бағдарламаның жеті басымдылығын атап, алдағы сайлауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді