Нұрлан Ноғаев Маңғыстауға алғашқы шенеунікті Оралдан әкелді 

  • 27.10.2021

Маңғыстау облысына Нұрлан Ноғаев әкім болып келгелі алғаш рет жауапты қызметке тағайындау жасады деп хабарлайды malim.kz. Бұл жолы өңірдегі басынан дау арылмаған ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы болып Қазбек Тәшімов тағайындалды. 
Қ.Тәшімовтің малдәрігерлік санитария мамандығынан бөлек құқықтанушы деген дипломы бар. Жиырма жылдық еңбек өтілінің 14 жылын ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласына арнаған маман. 
Әкім болып тағайындала салысымен кадрларды қозғау туралы мәселе болғанда Нұрлан Асқарұлы басқа өңірден маман әкелуден шошудың қажеті жоқтығын жергілікті ақсақалдарға айтқанын ел көзбен көріп, құлақпен естіді. Енді міне, сол қажеттілікке алғашқы болып Қазбек Тәшімов Оралдан қызмет ауыстырып келіп отыр. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 
Биыл Маңғыстау малшылары көрешекті қуаңшылықтан көрді. Жаңбыр жаумаудың салдары шөпке әсер етті. Шөптің шықпауы ауыл шаруашылығы басқармасын әбден әбігерге салды. Тіпті, мәселе Үкіметке дейін жетіп, өзге өңірлер Маңғыстауда вагон-вагон шөп жөнелтіп жатты. 
Таяуда ғана Нұрлан Ноғаевпен кездесуде жергілікті белсендінің бірі “ауыл шаруашылығына басқа өңірден басшы әкеліңіз” деп бұйымтай айтқан болатын(видеосы төменде). “Ең артта қалған ауыл шаруашылығы басқармасы ол Маңғыстау облысында. Осы салада басшыларды басқа облыстарға жіберіп, тәжірибе алмастыру керек. Басқармаға басқа өңірден басшы әкеліңіз. Көрейік, бізге үйретсін” деп айтып еді. Міне, нәтиже де көп күттірмеді. Ноғаев Батыс Қазақстаннан Тәшімовті Маңғыстауға алып келді.  
Алда Қазбек Тәшімовты талай жауапты жұмыстар күтіп тұр. Жаз бойы жерден шөп таппаған Маңғыстау малының жайын реттеу қыста оңай болмасы анық. Оны Ноғаев сенім артқан Тәшімов қаншалықты ақтайтының сол уақытта көретін боламыз! Әзірге білек сыбанып келген басқарманың жаңа басшысына іске сәт дегеннен басқа айтарымыз жоқ!

 

Байланысты жаналықтар

Бір ай жұмыссыз жүрген Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болды

20.06.2024

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

16.05.2024

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

04.03.2024

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

20.05.2023

Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

12.04.2023

Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарын Атыраудан әкелді

12.11.2021
MalimBlocks
Бір ай жұмыссыз жүрген Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болды

Ноғаев әкім кезінде 2022 жылы ереуілдер мен Маңғыстау облысында көптеген еңбек жанжалы болды.

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Кездесуде облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

Елімізде орта білім беру саласында оқушылардың алаңсыз оқуы үшін түрлі кешенді мектеп бағдарламалары іске асырылып келеді.

Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

"Тыныштықты бұзуға жол бермеуіміз керек",-дейді ол.

Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарын Атыраудан әкелді