Олигарх Өтемұратов британиялық сотқа шағым дайындап жатыр

Malim Админ

  • 02.12.2020

Британиялық соттың шешімі Болат ӨТЕМҰРАТОВТЫҢ бизнесіне еш кедергі келтіріп жатқан жоқ. Бұл туралы қазақстандық миллиардердің өкілі Ерлан ОСПАНОВ мәлімдеді. «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Оспанов мырзаға КазТАГ журналситері арнайы сауал жолдаған екен.

«Барлық активтерді пайдалану бойынша ағылшын сотының шешімін алдық. Бұл шектеулер Болат Өтемұратов иелік ететін банк, отель, теле-операторлар, мейрамханалар, тау-кен орындарына қатысы жоқ. Активтерді бұғаттау меншік иесінің құқығын шектемейді және бизнесіне кедергі келтірмейді», - деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.

Қазір миллиардер Болат Өтемұратовтың заңгерлері ағылшын сотының шешіміне қарсы шағым дайындап жатыр екен.

Естеріңізге сала кетейік, 1-ші желтоқсан күні Ұлыбритания азаматтық соты Болат Өтемұратовтың 5 миллиард долларын бұғаттағаны туралы ақпарат шықты. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл бұғаттау Қазақстанда аты шулы «БТА Банк» ісімен байланысты. Британиялық сот олтгарх Өтемұратовты «БТА банктен ұрланған ақшаны жасыруға қатысы бар» деп айыптайды екен.

Ал Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған ДВК басшысы Мұхтар ӘБЛЯЗОВ «Болат Өтемұратов үй қамақта»  деп ақпарат таратқан еді.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

Миллиардердің активтеріне қойылған шектеу қалай алынды?

09.12.2020

Миллиардер Англиядағы ақшасына аң-таң

07.12.2020
MalimBlocks
Миллиардердің активтеріне қойылған шектеу қалай алынды?

Миллиардер Англиядағы ақшасына аң-таң