Озық қоғамға бағытталған реформалар
Әлемдік тәжірибеде сайлау процесінде әр елдегі сайлау заңнамасының сапасын, адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғаудың жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін және демократиялық сайлау өткізу тәжірибесінің маңызын қамтамасыз етуде Халықаралық байқаушылар маңызды болып табылады. Мұндай байқаудың міндеті - сайлау нәтижелері бойынша халықаралық міндеттемелермен және елде саяси тұрақтылықты сақтауға көмектесетін бағдар мен ұсыныстар беру, бағалап пікір білдіру.
Еліміздің сайлау жүйесінде Халықаралық байқаушылар институты өз функцияларын еш кедергісіз орындап келеді. Сайлау 2022 Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа сайлау процесінің адалдығы мен ашықтығын көрсете алды, ҚР ОСК мәліметі бойынша елімізге көптеген шетелдік байқаушылар мен журналистер, 7 халықаралық ұйымның (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясы, ТМД Бақылаушылар Миссиясы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы), оның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының байқаушылары (30 бақылаушы) халықаралық ұйымдардың ішінде бірінші болып 21 қазанда (үгіт-насихат науқаны басталған күні) аккредитациядан өтсе, 18 шет мемлекеттің байқаушылары (Армения, Италия, Ирак, Қырғызстан, Латвия, Литва, Венгрия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Сербия, Таиланд, Финляндия, Ұлыбритания, Швеция, Молдова, Әзірбайжан, Палестина) барлығы 641 байқаушылар жұмыс атқарды.
Енді әртүрлі халықаралық байқаушылардың өткен сайлауға қатысты бағасына келер болсақ;
- ТүркПА өкілдері президент сайлауы ашық әрі әділ өткенін ата-аналардың балаларымен бірге дауыс беруге келгенін ерекше атап өтіп «Кішкентай кезінен бастап балаларды сайлау процесіне қатысуға үйрету - өте жақсы дәстүр»,- деп бағаласа,
- АҚШ-тың Джеймстаун қорының аға ғылыми қызметкері Маргарита Ассенова Қазақстанда кезектен тыс өткен президент сайлауында алты кандидаттың бесеуі неге тым аз дауыс алғаны туралы «Сайлау жақсы ұйымдастырылып, өтті. Жалпы, халықтың бүкіл назары жалғыз кандидатқа ойысты. Ол кандидат сайлауда жеңіске жетті және алдағы 7 жылда президент болады. Бұл – жақсы. Ал өзге кандидаттар өте аз дауыс алды. Біз сөйлескен сайлаушылардың бәрі басқа кандидаттарды мүлде танымайтынын айтты. Сондықтан сайлаушылар өздері жақсы танитын және елде реформа жүргізіп жатқан кандидатқа дауыс береді. Президент Қ.Тоқаевтың пайдасына неге сонша көп дауыс берілгенін осымен түсіндіруге болады»- деген ой мен бөліссе,
- ЕҚЫҰ/СБМ есебінде «сайлау күні тыныш өтті және дауыс беру рәсімдері негізінен сақталды. Сайлау органдары сайлаушыларға бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде ақпарат бера алды, тек мүгедектердің дауыс беруіне қатысты елеулі техникалық қателіктер орын алғаны болмаса, ОСК өз жұмысын ашық және белгіленген мерзімге сай жүргізді. Сайлаушыларды қазақ және орыс тілдерінде ақпараттандыру бойынша науқанның жалпы инклюзивті сипаты, танысу үшін тізімдердің болуы атап өтілді. Кандидаттардың сайлау күніне дейінгі кірістері мен шығыстарының қысқаша мазмұны жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау науқанын тең жария ету туралы заңның ережелерін сақтады» деген оң пікірлер қалдырса,
- ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы президенттік сайлауды сынға алып «сайлау бәскелестіктен айырылған саяси жағдайда өтті. Шынайы плюрализмді қамтамасыз ете алмады, қазіргі президентке науқан кезінде үлкен сынақ болған жоқ, онлайн режимде аналитикалық есептердің болмауы сайлаушылардың саналы таңдау жасау қабілетін шектеді деп мәлімдеді. Біздіңше, ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді, екіншіден, бақылау миссиясының бірнеше елдегі өткен сайлауларға берген бағасын салыстырып қарасақ бәрінде үнемі сын ескертпелер мысалы, 2022 жылғы сәуір айындағы Франциядағы президент сайлауында ЕҚЫҰ өкілдері сайлаушылардың сенімді өкілдер арқылы дауыс беруін тоқтату қажеттігін, 2022 жылдың 8 қарашасында АҚШ-та өткен Конгресс сайлауында аталған ұйым өкілдері сайлауға қатысқан әйел азаматтардың аз болуына сын айтқан. Жалпы сайлау үлкен саяси дода болғандықтан кемшіліктерде қатар жүретіні анық. Бірақ миссияның сыни пікірлері сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың қорытындыларына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді..
Бірақ, қазақстандық және шетелдік байқаушылар мен миссиялар сайлау науқанына қандай баға бергеніне қарамастан, сайлаушылар өз қалауы мен өмір сүргісі келетін шындықты және қазіргі және болашақты таңдады. Ал, кандидаттар үшін президенттік бәсекеде жеңіліс ұтылу дегенді білдірмейді. олардың әрқайсысы өз мүмкіндіктерін жақсы түсінді және болашағын жоспарлады. Үгіт-науқаны барысында кейбір кандидаттар сайлаушылармен өзара әрекеттесумен саяси болашаққа арналған жоспарларын құра алғаны анық. Алда парламенттік сайлауда көп кандидаттар мажоритарлық сайлау жүйесін өз саяси амбицияларын қолдануға жақсы мүмкіндік, бұл дегеніміз бізде қажет нәрсенің бәрі қазірдің өзінде бар - сайлауға қатысу тәжірибесі, электорат арасында танылу және сайлауалды тұғырнаманы одан әрі жетілдіру мүмкіндігі, енді оны тек тиімді пайдалана алу керек. Бізде елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған көптеген реформалар жүзеге асып жатқанын баса айтқымыз келеді.