Президент Ермек Маржықбаевты Туризм және спорт министрі қызметінен босатты

Ол бұл қызметті 1 жыл 29 күн атқарды

Мәди Саматұлы

  • 31.08.2024

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген.   

1994 ж. – С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітірген. 2001 жылы, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.

2001 ж. – «Тұран» университетін тәмамдаған.

2009 ж. – Көкшетау университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаздықтан бастаған. 

1992-1995 жж. – «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры.

1995-2008 жж. – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры;

2008 жылдың сәуірі – 2012 жылдың сәуірі  –  Аршалы ауданының әкімі;

2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді  ауданының әкімі;

2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы –  Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

2019 жылдың 19 наурызынан – Ақмола облысының әкімі, 2019 жылғы 17 маусымда осы лауазымға қайта тағайындалды;

2023 жылғы 2 қыркүйекте Туризм және спорт министрі болып тағайындалды. 

Бұлардан бөлек, Ақмола бокс федерациясының вице-президенті де болған.

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының үздік кәсіпкері ретінде марапатталған.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды