Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарға тоқталды

Ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс

Malim Админ

  • 29.03.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.

Президент:

«Жалпы, алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек. Ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды.

Әсіресе, сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы осы жұмысқа белсене атсалысады деп сенемін. Партияның тәжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан, «Amanat» партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін» деп атап өтті.

  • Алдағы бес жылда шағын және орта бизнестің дамуына басымдық беріледі. Бүгінгі таңда ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 36%-дың үстінде. Негізгі мақсат өркениетті елдердегідей 50-60% межеге жету.
  •  
  • 2023 жылы 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді.
  •  
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жәрдемақысы қыркүйек айынан бастап 14,5%-ға өседі.
  •  
  • «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5-7 жыл мерзімге 2,5% несиелер беріле бастайды.
  •  
  • Су ресурстарын тиімді басқаруға назар аударылады.
  •  
  • Ауылды аймақта 600-ден астам денсаулық сақтау нысандары салынатын болады.

P.S. Мемлекетіміз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Алға қойған мақсатымыз айқын. Ол - дамыған, өркениетті, әділетті Қазақстанды халқымызбен бірге құру.

Бауыржан Серікбаев, сарапшы      

Байланысты жаналықтар

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

23.01.2023

Аргентиналықтар Мессидің Президент болғанын қалайды

28.12.2022

Жоғарғы саяси басқаруды демократияландыру

06.09.2022

Путиннің әдеті мен әдебі: Шариманнан Кемелжанға дейін

21.06.2022

Саясаткер: Назарбаев «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» емес    

26.04.2022

Тоқаев Алматыға келді

12.01.2022
MalimBlocks
«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

Ол сот отырысына  қатыса алмайды

Аргентиналықтар Мессидің Президент болғанын қалайды

Сауалнамаға 2500 адам қатысқан

Жоғарғы саяси басқаруды демократияландыру

Путиннің әдеті мен әдебі: Шариманнан Кемелжанға дейін

Саясаткер: Назарбаев «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» емес    

1995 жылғы Конституцияда ондай норма жоқ

Тоқаев Алматыға келді