Президенттің әйелі кітап сатады

Malim Админ

  • 22.05.2020

Батыс елдерінде президент әйелдері саясаттан һәм бизнестен алшақ болады. Мәселен Польшаның президенті Анджей ДУДАНЫҢ әйелі Агата КОРНХАУЗЕР-ДУДА неміс тілі пәнінің мұғалімі.

Жолдасы 2015 жылы президенттік сайлауға түскенде Агата Дуда сайлау алды компаниясының үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатыспаған. 17 жыл өзі сабақ берген Краков лицейінде күнделікті жұмысынан қалмаған. Тек бір-ақ күн ғана сабақтан қалыпты.

[caption id="attachment_3946" align="alignleft" width="960"] Агата Дуда[/caption]

«Агата Дуда өзіне талапшы һәм жауапты адам. Және өте әділетті. Өзгелерге де солай. Сонымен қатар қабақ шытуды білмейтін көңілді жан. Оны лицей оқушылары мен мұғалімдері қатты жақсы көреді», - деп сипаттаған басшысы Марек СТЕМПСКИЙ.

МӘЛІМ КЗ сайты өз оқырмандарына Финляндияның бірінші ханымы жайлы да бірер ақпарат бергенді жөн санайды. Ол – Йенни ХАУКИО. Президент Саули НИИНИТЕНІҢ жары саясаттан алыс әрі өз саласында еңбек етеді.

Йенни ХАУКИО ақын. 2015 жылы қоғамдық ұйым тағайындайтын «Ларин Параске» атындағы сыйлықтың иегері атанған. Күйеуі 2012 жылы әлемдегі ең бай елдің біріне президент болып сайланғанда, бірінші ханым Турку қаласындағы халықаралық кітап жәрмеңкесінің менеджер болып тағайынлады. Йенни Хаукио халықаралық нарыққа фин әдебиетін шығарумен айналысады. Яғни насихаттау, аудару және сату жағымен айналысады.

Тұрмысқа шықпай тұрып ол Коалициалық партияның қоғаммен жұмыс жасау менеджері болып қызмет еткен. Күйеуі сайлауда жеңіске жеткенде саяси партиядан кетіп қалған. Швеция, Норвегия, Дания, Эстония және Люксембург елдерінің марапаттарына ие болған.

Фото: yle.fi

Байланысты жаналықтар

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

03.04.2021

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020

Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты

27.10.2020

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

26.10.2020

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"

25.07.2020

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»

17.07.2020
MalimBlocks
Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»