Путин орысбасшысына айналмақ

Malim Админ

  • 11.03.2020

Бүгін, 11 наурыз күні Ресей думасы Владимир Путинге билікте мейлінше ұзақ қалуға мүмкіндік беретін Конституцияға түзетуді мақұлдады. Егер 22 сәуір күні өтетін жалпыхалықтық  дауыс беруде ресейліктер бұл түзетуді қолдаса, Путин 2024 және 2030 жылдары өтетін президент сайлауына түсе алмақ.

Дума депутаттары наурыздың 10-ы күні конституцияға екі өзгеріс енгізуді ұсынды. Бірі - Думға кезектен тыс сайлау өткізу болса, екіншісі - Владимир Путиннің екі президент мерзімін есептен шығарып, сайлауға түсуге мүмкіндік беру.

В.Путин екінші мерзім қатарынан президент болып отыр. Қазіргі конституция бойынша, ол үшінші мәрте президенттікке түсе алмайды.

"Бұл жерде мәселе Путинде де емес, Ресей азаматтары мен Ресей болашағы туралы болып отыр. Олай болса, ақылгөйсіп, қолдан кедергі жасаудың не қажеті бар? Анығында бәрін ашық, жария түрде қарап, Конституциядағы президент мерзіміне қатысты шектеулерді алып тастау керек. Немесе халық қаласа қазіргі президентке осы қызметке қайта сайлануға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізу керек", - деді Конституцияға тузету енгізуді ұсынған "Единая Россия" партиясының депутаты, алғашқы әйел ғарышкер Валентина Терешкова.

Терешкованың ұсынысынан кейін Думаға жетіп келген В.Путин екі президент мерзімін есептен шығаруды конституциялық сот мақұлдаса және халық қолдаса, өзі де келісетінін айтты.

Билікте мейлінше ұзақ мерзім бойы қалуды қалаған Путин оны қандай жолмен іске асыратыны белгісіз болып келген. Конституцияға өзгеріс енгізіліп, Путин Н.Назарбаев тәрізді жаңа конституциялық орган – Мемлекеттік кеңестің басшысы болады деген болжам айтылды. Бірақ Путин осыдан бірнеше күн бұрын "Мемлекеттік кеңеске ерекше мәртебе беру – елде қос билік орнатумен бірдей" деген. Сөйтіп, Н.Назарбаев тәрізді конституциялық органға бармаса да, Путин президент өкілеттігін ұзартып, сайлауға шексіз мәрте түсуді заңдастырған елбасыдан ұзап кеткен жоқ.

"Бізде президент мерзімін ұзарту 1995 жылы басталды, ол уақытта референдум өтіп, оның нәтижесі бойынша бірінші президет өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 2010 жылы бірінші президентке заң жүзінде ұлт көшбасшысы мәртебесі берілді, – дейді экс-дипломат Қ.Бейсебаев. – Асылы, бір адамға лайықталып құрылған жүйе сол адамның кезінде ғана жұмыс істейді. Мысалы, Сталин кеткен соң, ол құрған жүйе онымен бірге кетті. Хрущев жүйені басқаша құра бастады. Қазір Ресей Қазақстан тәжірибесін зерттеп жатқаны анық. Путин президент мерзімін жойып, сайлауға тағы түсуге қарсылығын көрсеткен жоқ. Біздің тәжірибені қалай әкелу керек, соны талқылап жатыр. Әлбетте, бұл түзету демократияға қайшы екені түсінікті".

Қ.Бейсебаевтың ойынша, бір адамға лайықталып құрылған жүйені сол билеушінің тұсында сақтау үшін ел мен жұрттың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы болуы тиіс. Өйткені әлеуметтік жағдайға көңілі толмаған адамның билікке де көңілі толмайтынын түсінікті.

" Қарапайым адамға биліктен не керек? Билік оның әлеуметтік жағдайын жасауы керек. Ресейдегі халықтың әлеуметтік жағдайы бізден ілгері. Халыққа жәрдем беріліп жатыр. Бізде көпбалалы аналарға 20 мың теңге табу мәселе болса, Ресейде дүниеге келген бірінші бала үшін бірден әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Халық жағдайы жақсы болғандықтан, ол түзетуді қолдай салуы мүмкін", – дейді ол.

Фото: bbc.com/russian

Байланысты жаналықтар

Шайқастар картасы: Курск үшін Мәскеу алаңдамай ма?

28.08.2024

Лукашенко шен алам деп, шекарасынан айырылып қалуы мүмкін

26.08.2024

Қасым- Жомарт Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

26.08.2024

Курскідегі шайқаста жарақат алған бірнеше тұрғын Мәскеуге жеткізілді

08.08.2024

Ресейде блогерлер туралы дерек жинайтын заңға өзгеріс енді

30.07.2024

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

22.07.2024
MalimBlocks
Шайқастар картасы: Курск үшін Мәскеу алаңдамай ма?

«Әлемнің екінші әскері» деп әспеттелген армия үш аптадан бері Украинаны Курскіден қуып шыға алмай отыр

Лукашенко шен алам деп, шекарасынан айырылып қалуы мүмкін

Беларусь әскері Гомель облысының аумағына, Чернобыль АЭС-іне жақын маңда

Қасым- Жомарт Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

Курскідегі шайқаста жарақат алған бірнеше тұрғын Мәскеуге жеткізілді

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Курс облысындағы атыстан жараланғандар туралы айтты. Аталған оқиғадан Мәскеу клиникаларына атыстан жараланған адам жеткізілген.

Ресейде блогерлер туралы дерек жинайтын заңға өзгеріс енді

Ресей Думасы он мың оқырманы бар блогерлерді Роскомнадзорға өздері туралы ақпарат беруге міндеттейтін заңға енген түзетуді мақұлдады.

Байден сайлауға қатысудан бас тартты

АҚШ президенті Джо Байден жақтастарының кеңесін алып, сайлауға төрт ай қалғанда Дональд Трамппен додаға түсуден бас тартты.