freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал актер Асқар Жұмабек тағы да қамалды

Қоғам
Танымал актер Асқар Жұмабек тағы да қамалды
Фото: әлеуметтік желі

2026 жылдың 20 наурызында әлеуметтік желілерде модель Айнұр Нарзиеваға белгілі әртіс Асқар Жұмабектің агрессивті әрекет көрсетіп, балағат сөздер айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Айнұр Нарзиеваның айтуынша, оқиға түсірілім кезінде болған. Желі қолданушылары видеоға наразылық білдіріп, модельдің өзі де қатты күйзеліске түскенін айтқан.

21 наурызда Алматы қалалық полиция департаменті актердің полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Полиция мәліметінше, ол қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, азаматқа құрметсіздік танытқан.

Осы дерек бойынша ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу