«Қазгидромет» мәліметінше, 22 наурыз, жексенбі күні еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Бірқатар аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады.
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде де тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанады. Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Атырау облысында жаңбыр, күндіз найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында да жаңбыр, тұман және желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер азаматтарға сақ болып, жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.