freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

Әлем
Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді
Фото: Nathan Howard/REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт беріп, ультиматум жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егер белгіленген мерзім ішінде бұғаз толық әрі қауіпсіз ашылмаса, АҚШ Иранның ірі энергетикалық нысандарына, соның ішінде электр станцияларына соққы беруі мүмкін. Трамп бұл мәлімдемені өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

Өз кезегінде Иран тарапы бұл мәлімдемеге жедел жауап қайтарды. Елдің әскери құрылымдары энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасалған жағдайда, аймақтағы АҚШ пен оның одақтастарына тиесілі энергетикалық, ІТ және су тұщыту нысандары нысанаға алынатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Трамп америкалық The New York Times басылымында жарияланған сараптамалық пікірге жауап беріп, Иранға қатысты әскери мақсаттарға қол жеткізілгенін алға тартты. Ол АҚШ-тың Иранға қатысты әрекеттері жоспарланған мерзімнен ерте орындалғанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу