freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Саясат
Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды дамыған әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру үшін жүйелі және ауқымды жұмыстар қолға алынғанын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайда босаңсуға болмайды, өйткені әлемдік және аймақтық бәсеке күшейіп келеді. Соған қарамастан, жүргізіліп жатқан реформалар нақты нәтижесін бере бастаған. Соңғы екі жылда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 6 пайыздан асқан. Былтыр елімізде 190 кәсіпорын іске қосылып, 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылып, шаруаларды қолдау үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам субсидия бөлінген. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі қолдау шараларының бірі. Дегенмен, Мемлекет басшысы саланың тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Инфрақұрылым бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде: биыл 222 су нысаны салынып, жаңғыртылуда, 37 жылу электр станциясы жөнделіп жатыр. Сонымен қатар Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа ЖЭО салу жоспарланған. Электр желілерін жаңарту жұмыстары да жалғасып, 440 қосалқы станция мен 17 мың шақырымнан астам желі жаңартылады.

Көлік инфрақұрылымы бойынша былтыр 1500 шақырым теміржол салынып, жөнделген. Биыл 3700 шақырым жаңа теміржол желісі іске қосылады. Автожол саласында өткен жылы 13 мың шақырым жол жөнделсе, алдағы үш жылда 32 мың шақырым жолды нормативке сай жаңарту көзделген.

Президент жол сапасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық фактор екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция елдің одан әрі дамуына және жаңа жетістіктерге жетуіне негіз болатынына сенім білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу