АҚШ президенті Дональд Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» палестиналық радикалды исламдық қозғалыс ХАМАС-қа қарудан бас тарту шарттарының тізімін жолдады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл ұсыныс өткен аптада Каирде ХАМАС өкілдеріне тапсырылды. Келіссөздерге Кеңестің бас директоры Николай Младенов пен Трамптың арнайы елшісі Стивен Уиткоффтың кеңесшісі Арье Лайтстоун қатысты.
Н. Младенов әлеуметтік желіде: «Бір ғана нақты таңдау қажет: ХАМАС пен барлық қарулы топтарды толық қарудан айыру, ешқандай ерекшелік пен шектеусіз» деп жазды.