freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дастан Сәтпаев 25 наурыздағы Намибия матчына қатыспайды

Спорт
Дастан Сәтпаев 25 наурыздағы Намибия матчына қатыспайды
Фото: Instagram/d.satpayev

«Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сатпаев 25 наурызда Астанада өтетін FIFA Series-2026 турнирінде Намибия құрамасына қарсы ойнамайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде қатысады. Бірінші ойын 25 наурызда «Астана Арена» стадионында Намибия құрамасына қарсы өтеді. Ойын сағат 17:00-де басталады.

Алайда Қазақстан құрамасы Дастан Сатпаевсыз шығатыны 21 наурызда Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Біз «Челси» футбол клубының медициналық штабының ұсыныстарын алдық, олар Дастан Сатпаевдың қазіргі жағдайы мен наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде қалпына келу қажеттігіне қатысты. Қазақстан құрамасының медициналық штабымен ұсыныстарды талқылап, ақпаратты бағалағаннан кейін, ойыншыға толық қалпына келу кезеңін өткізу мүмкіндігін беруді шештік», – деді Талгат Байсуфинов.

Сонымен қатар, Сатпаевтың орнына Қазақстан құрамасының шақыртуын функционалды жағдайы жақсы және ұлттық команда тапсырмаларын орындауға дайын Оралхан Омиртаев алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу