Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қамауға алынған Ноғаевтың орынбасары жұмысына қайта кірісті

Саясат
Қамауға алынған Ноғаевтың орынбасары жұмысына қайта кірісті

Жыл басында қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов  жұмысқа шықты. 

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада оның өз қызметіне 24 мамырда кіріскені туралы айтылған. 

"Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 24 сәуірдегі, 17 мамырдағы заңдық күшіне енген қаулысына сәйкес, Ғалымжан Низяов қызметіне 24 мамырда кіріседі", - делінген хабарламада.

Әкімдік хабарлауынша, оның бұдан әрі қызмет атқаруы сот шешіміне байланысты болады.

Ғалымжан Ниязов лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікке іліккен. Сот шешімімен ол ақпанда екі айға қамауға алынған еді. 

24 қаңтарда Ниязовтың қамауға алынғаны жайлы ақпар тараған болатын. Кейінірек бұл ақпарды 4 ақпан күні Қаржылық мониторинг агенттігі растаған еді. Шенеунік қызметін асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды. 17 ақпан күні Ниязов “үй қамағына” ауыстырылған болатын.

Айта кетейік, 2019 жыл­дың ма­мырында Пре­зидент Қасым-Жо­март Тоқаев жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мә­селелеріне арнал­ған жиында жем­қорлық бойынша қол астын­дағы қызметкерлердің қыл­мыс­тық әрекеті үшін бірінші басшы­ның жауапты болатынын, ал қараша айында бұл норма заңға енгізілді. Тоқаев заңы бойынша, орынбасар Ниязовтың қылмысы дәлелденсе, басшы орнынан кетеді. Әзірге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қызметтен кетпейтін болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу