Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Президент жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Malim Админ

  • 31.03.2024

1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1993 жылы "Эдем ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған. 

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 

1997 жылы "Алмаз және Компания" компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы. 

1997-1998 жылдары "Мұнай тасымалдау жөніндегі "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті. 

08.1998-03.2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы. 

03.2000-12.2000 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 

01.2001-05.2001 аралығында "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 

05.2001-08.2007 жылдар аралығында "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті. 

27.08.2007-14.10.2008 жылдар аралығында "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы. 

10.2008-11.2009 жылдар аралығында "KEGOC" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы. 

30.11.2009-12.2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі. 

12.2013-25.03.2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі. 

25.03.2016-18.12.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі. 

18.12.2019 - 24.11.2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

24.11.2021 - 10.06.2022  жылдар аралығында Алматы облысының әкімі.

2023 жылдың 4 желтоқсанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 

"Құрмет" орденімен (2005) және "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен (29.05.2019) марапатталған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі. 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.


Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады