Қарағұсованың құдасы журналисті қорқытты

Malim Админ

  • 19.05.2020

Блогер, мәжіліс депутаты Гүлжан ҚАРАҒҰСОВАНЫҢ күйеубаласы Бейбіт ӘЛІБЕКОВТІҢ әкесі Бақыт ӘЛІБЕКОВ журналист Серікжан МӘУЛЕТБАЙДЫ әлеуметтік желіде жария түрде қорлап, "тұмсығыңды бұзамын" деп қорқытты. Бақыт Әлібековтің журналиске қалай тіл тигізіп, ар-намысын қорлап, қорқытып-үркіткеніне тоқталмай-ақ қоялық. Оқимыз деушілер мына сілтеме арқылы өтіп, оқи алады.

Бейбіт Әлібековтің әкесіне ұлы жеңіп алған  Kcell ұялы операторының тендері жайлы журналист келтірген мәлімет ұнамай қалған. Жұрт бұл тендер туралы yvision.kz платформасында "Про паразитов" атты жазбадан кейін айтып, жаза бастады. Бұл жазбаны өшіріп тастағанымен,  тендердің шуы басылар емес.

Ал желіде Әлібековке қатысты шу мынадан басталған: 29 сәуір күні Kcell-дің электронды сауда алаңында "Kcell Live Talk" жобасын ұйымдастыру қызметі" тендері жарияланды. Жобаның техникалық тапсырмасына қарағанда, онлайн-трансляция түріндегі көңіл көтеру бағдарламасының жүргізушісі ретінде Бейбіт Әлібеков көрсетілген, ал бағдарламаның шығаралымы туралы хабарлама жазбалар Бейбіт Әлібековтің Telegram каналы мен Instagram прақшасында шығып тұруы тиіс.

Telegram-дағы аноним каналдар тендер мен бағдарлама әдейі Бейбіт Әлібековке арнап жазылған деп шу ете қалды. Енді мына бір қызықты қараңыз: тендер 29 сәуірден 4 мамырға дейін өткен. Ал бағдарлама тендер аяқталмай тұрып-ақ, жеңімпаз анықталмастан жатып, 1 мамырдан бастап шыға бастаған.

Тендерді зерттеген журналист Серікжан Мәулітбай Kcell-ді басқаратын мемлекеттік құрылымдарға сұрақ жолдаған. Мемлекеттік құрылымдар журналиске бұл мәселе тексеріледі деп жауап берген.
Енді тендердің өзіне тоқталайық. Жобаның құны – 31 250 000 теңге. Бағдарламаның кемінде 7 шығарылымы шығуы тиіс. Егер сегізінші шығарылым шықпайды деп есептесек, онда блогерлерді шақырып алып әңгіме дүкен құратын Бейбіт Әлібековтің бағдарламасының әр шығарылымы 4 миллион теңгеге айналады. Бір қарағанда, бұл аса үлкен сома болып көрінбеуі мүмкін. Алайда Kcell акционері – "Қазақтелеком" АҚ, ал ол өз кезегінде "Самұрық-Қазына" қорының қоржынындағы компания екенін ескерген жөн. Ал "Самұрық-Қазынаның" жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі, демек, бұл мемлекеттің, олай болса салық төлеушілердің ақшасы.
Осы күнге дейін Kcell-дің Youtube арнасында үш видеосұхбат жарияланды. 1 мамыр күні өткен бірінші сұхбатқа тележүргізуші Динара Сәтжан мен блогерлер Айым Сейітметова және Талғат Итаев, сондай-ақ вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева қатысты. Бағдарлама 29 мың рет қаралды. 3 мамыр күні блогерлер Әлішер Елікбаев, Ержан Рашев пен Қайрат Құдайберген қатысқан сұхбат әзірге 8,7 мың рет қаралған. Ал 5 мамыр күнгі кәсіпкерлер Арманжан Байтасов, Тимур Тұрлов пен Magnum сауда желісінің жетекшісі Азамат Османов қатысқан бағдарлама небәрі 3,4 мың рет қана қаралыпты. Сонымен, сұхбат кемі 5 мың қаралым жинауы керек деген тапсырманы әзірге бір бағдарлама ғана орындаған. Техникалық тапсырма бойынша, бүкіл жоба 1 миллион қаралым жинауы керек. тендер сәуір-мамыр айларында орындалуы тиіс. Техникалық тапсырмада 7 сценарий жоспарланған, әр сценарийде жүргізуші мен қонақтарға арналған сұрақтар жазылған.

Бейбіт Әлібеков кім екенін түсіндіріп жатудың өзі артық. Ол қымбат сағаттарға құмарлардың клубы – Astana Watch Club пен аса қымбат көліктер иелерінің клубы – Bentley Club Almaty негізін қалаған. Оның Esentai mall кешенінде үш сәнқой коллекциясы топтастырылған өз корнері бар. Ол "R & D MEDIA" ЖШС, “Достык FM” ТРК иесі және "Қазақстан телерадиохабар таратушылар қамуыдастығының" жетекшісі. Ақпарат құралдары оны First Media Group медиахолдингісінің басшысы деп таныстырып жүр, бұл медиа холдинг Бейбіт Әлібековтің әйелі, депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы Қарағұсова Данна Сергеевнаның атына тіркелген.

Қысқасы, жоғарыдағы мағлұматтан түйеріміз: Бейбіт Әлібеков кедей блогер емес. Алайда онсыз да табысы мол блогердің Kcell жобасына не себепті қатысқаны біз үшін түсініксіз. Оның әкесі Бақыт Әлібековтің желіде журналиске не себепті жармасып, киліге  кеткені де түсініксіз. Қызығы, сұхбаттарының бірінде Бейбіт Әлібеков әкесін "өте сабырлы адам" деп сипаттаған. Сондықтан егер әлеуметтік желідегі журналиске қарата жазған комментарийдің авторы расында Бақыт Әлібековтің өзі болса, сабырға келіп, журналистен кешірім сұрайды деп үміттенеміз.

Telegram-канал Ras Aitamyn

Байланысты жаналықтар

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болған лауазымды ұсталды

26.06.2023

Пабликтен телеарнаға дейінгі пропаганда: Ахметов 220 миллионды қайда жұмсамақ?

07.04.2021

6 миллиондық той: Наурызбай ауданы әкімдігіне пандемия әсер етпей ме?

26.03.2021

Көлгіновтің әкімдігі даладағы фильмге 26 миллион жұмсаған

30.11.2020
MalimBlocks
Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болған лауазымды ұсталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев қамауға алынды.

Пабликтен телеарнаға дейінгі пропаганда: Ахметов 220 миллионды қайда жұмсамақ?

6 миллиондық той: Наурызбай ауданы әкімдігіне пандемия әсер етпей ме?

Көлгіновтің әкімдігі даладағы фильмге 26 миллион жұмсаған