Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан сыртқы саясатта бейбітшілікті жақтайды

Malim Админ

  • 11.09.2024

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Испания, Эстония, Өзбекстан, Судан,  Руанда Доминикан, Маврикий мемлекеттерінің елшілері тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттар алдында сөз сөйледі.

– Қазақстан сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанады және халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық кеңістіктегі орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынына нық сенімдіміз. Бұл бірегей ұйымды әрқашан қолдаймыз. Осы орайда сіздердің елдеріңізбен екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ көпжақты деңгейдегі байланыстарды дамытуға ниеттіміз. Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біз экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылып отырмыз. Әрине, бұл оңай емес. Оның табысты болуы көп жағдайда халықаралық ықпалдастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен арадағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Фото: akorda.kz  

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады