Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

Malim Админ

  • 02.04.2020

Қазақстан барлық елдерден гуманитарлы көмек сұраған. Мұны Sputniknews сайты Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін ресейлік "Коммерсант" басылымы  Украина мен Түрікменстаннан өзге ТМД-дағы барлық ел Ресейден "коронавирусты анықтайтын тестер, маскілер, өкпені жасанды желдеткіш құралдарды жіберуді" өтініп, гуманитарлы көмек сұрағанын хабарлаған.

"Барлық елге гуманитарлы көмек көрсету жөнінде өтініш жолдадық, оның ішінде Ресей де бар", - дейді сыртқы істер министрлігі Sputniknews-ке берген жауабында.

Бұл хабар әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өз парақшасында мұны ұят жағдайға балап, "бай ел болып, қалай қол созып тұрған қайыршы елге айналдық? Мұнай ақшасы қайда? Ұлттық қор қайда?" деп сұраған. Бұған президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин "мұнда тұрған ештеңе жоқ" деп жауап беріпті. "Бұл – қалыптасқан практика. Бұл белгілі бір мемлекеттің дәрменсіздігін көрсетпейді. Бұл өзара ресурс алмасу практикасы. Мысалы, Қытайдағы жағдай ушыққанда көптеген елдер Қытайға көмектескен, қазір керісінше. Ресей мысалы АҚШ-қа жіберуде, бірақ кейін бізге де көмек қажет болар деп мәлімдеген", – дейді Қарин.

Қазақстан бұған дейін АҚШ пен Қытайдан гуманитарлы көмек алып үлгерді.

 

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді