Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс көбейді

Саясат
Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс көбейді

Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 76 қылмыс тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді. 

Бұл қылмыстардың ішінде 5-уі – жезөкшелікпен айналысқаны үшін, 9-ы кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін, 7-уі кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқаны үшін, 14-і адам саудасы үшін және 41-і жезөкшелік ордасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған.

Мысалы 11 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістанда жыныстық қанау мақсатында қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатумен айналысқан.

«Тергеу барысында жас қыздардың Қазақстанның түрлі қалаларында «ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен таныстары арқылы жұмысқа қабылданғаны анықталды. Оларға қолайлы еңбек жағдайы мен жалақысы жоғары жұмыс ұсынылған. Содан кейін алдау мен құжаттарды тартып алу жолымен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін сауда және айырбастау жүргізілген, алынған табысты өздері алып отырған. Бағынбаған жағдайда зорлық-зомбылық, бопсалау, ойдан шығарылған айыппұлдар мен есірткі қолдануға мәжбүрлеген», - деді спикер ҚР ІІМ апталық брифингінде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу