Қазақстандағы үздік волонтерлер кім? 

Malim Админ

  • 06.12.2022

Елімізде орын алып жатқан түрлі оқиғаларды  волонтерлерсіз елестету қиын. Жұдырықтай жұмылған еріктілердің еңбегі қай кезде де елеулі. Бүгін Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері»  сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.


Еріктілерді  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай, Вера Ким және Елдос Абақанов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы тұрақты өкілі Артур ван Дизен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовтар құттықтады. 

  

   Бүгін 42 волонтер мен волонтерлік ұйымдар, соның ішінде Өзбекстандық волонтерлер жеңімпаз атанды. Министр Дархан Қыдырәлі: «Бүгінде елімізде волонтерлік сала өте қарқынды дамып келеді. Волонтерлік қызметке атсалысып жүрген азаматтар мен ұйымдар санының тұрақты өсуі қалыпты жағдайға айналды. Волонтерлердің қатысуымен іске асырылатын бағдарламалар мен жобалардың ауқымы кеңеюде» деді.

Д.Қыдырәлінің айтуынша, волонтерлік ұйымдардың саны соңғы екі жылда 224-ден 700-ге, белсенді волонтерлер саны 50 мың адамнан 200 мың адамға артқан. Саладағы бірқатар стратегиялық құжаттардың қабылдануы мен тиісті заңнамаға енгізілген өзгерістер – елдегі волонтерлік саланы дамытуда тың серпін береді.

Министр БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Мемлекет басшысының Еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын бекіту туралы айтылған бастамасын ілгерілету бойынша Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Іc-шара барысында Германияның Бон қаласында орналасқан БҰҰ Еріктілері Бағдарламасы басшысы Тойли Курбанов бейне құттықтауын жолдап, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Артур ван Дизен өз сөзінде Қазақстанның волонтерлік саласында жеткен жетістіктерін атап өтсе, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов Қазақстан тарапына ұйымның алғысын жеткізді.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады