Қордай қақтығысы. Үкім және қарсылық: "Мен кімге сенемін, бұл қандай сот?"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 28.04.2021

Қордайдағы ұлтараралық жанжалға байланысты сот үкімі оқылғаннан кейін ең ауыр жаза алған айыпталушы Жұмахан Ботабасовтың туыстары соттың әділетсіз өткенін айтып шағымданды.

Жұмахан Ботабасовтың туысы Ерхат Ботабасова бауырымды ешқандай дәлелсіз, әділетсіз соттады дейді.

«62 жастағы менің бауырым Ботабасов Жұмаханға ең ауыр жаза - 20 жыл түрме беріліп отыр. Ешқандай дәлелсіз, дәйексіз жаза беріліп отыр. Мен соған күйіп тұрмын. Бірақ мына жерде мен сенетін ешнәрсе қалған жоқ. Бауырым мектепте жүргізуші болып жұмыс істейді. Сол күні құрдасы Қаржаубай аға құран оқып бер деп үйіне шақырған. Соған барады. Оның (Ботабасовтың - ред) баласы ДЦП болып ауырады. Көпшілікпен бірге баласы еріп кеткен сол күні. Ол жерге баласын іздеп барған. Содан осыған ілініп қалып отыр», - дейді Ботабасова.

Ерхат Ботабасованың сөзінше, Қордай қақтығысы бойынша істі болған өзге айыпталушыларға тергеушілер «Ботабасов атты деп айтсаңдар, жазаларың жеңілдейді» деп айтқан. Оны айыпталушылардың бірі сотта мәлімдеген. Бірақ ол адамның өзін 5 жылға түрме жазасына кескен.

«Ұсталған балаларға «сендер Ботабасов атты деп айтсаңдар, жазаларың жеңілдейді» деген. Сот жүріп жатқанда Алмас Әубәкіров «мені ұрып-соққаннан кейін айттым, бірақ ағаны (Ботабасовты – ред) көрген жоқпын» деп айтыпты. Ол бала осылай деп айтқаны үшін бес жыл түрмеге қамалды...Ешқандай дәлелсіз, ең ауыр жазаны менің бауырыма беріп отыр. Сонда мен кімге сенемін, бұл қандай сот?», - дейді Ботабасова.

Сәуірдің 27-і күні Таразда Қордай қақтығысына қатысы бар деп айыпталған 51 адамға сот үкімі оқылды. Айыпталушылардың алды сот залынан босатылса, арты 20 жылға түрме жазасына кесілген.

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға қатысты сот процесі 2020 жылдың желтоқсан айында басталған. Сотқа 51 айыпталушы және 60-тан астам адвокат қатысқан.

Айыпталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» (99-бап), Қарақшылық (192- ба), Қорқытып алу (194-бап), "Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап), "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (287-бап) бойынша айып тағылған.

2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болып, салдарынан 11 адам көз жұмған. Тергеу барысында 120-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Ресми мәлімет бойынша, жанжал кезінде 164 үй мен сауда орыны және 100 автокөлік қираған. 342 адам жәбірленуші деп танылған.

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

10.02.2023

Назарбаев иеленген жерлер қайтарылып жатыр

02.02.2023

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

30.01.2023

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

23.01.2023

Әскерде басшыға қарсы шыққандар сотталады

10.01.2023

"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

23.11.2022
MalimBlocks
Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

Бұған дейін Айдын Кенжебаевтан басқасы үйқамақта болған

Назарбаев иеленген жерлер қайтарылып жатыр

Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

Екі мыңнан астамы іздеуде жүр

«Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалған». Экс-президенттің халі нашар 

Ол сот отырысына  қатыса алмайды

Әскерде басшыға қарсы шыққандар сотталады

Бастыққа зорлық-зомбылық көрсеткендерге де дәл осындай жаза қолданылады

"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

Мекеме басшысы жұмыстан кетті