«Қорғаныс министрі халықтан кешірім сұрасын!»

Халықаралық геосаяси ойындар, әскери технологиялар күрт өзгере бастаған тұстағы Қорғаныс серкесінің бет-бейнесі көпшілікке нақты қазақы қолбасшы, биік парасатты, берік ұстанымды сардарға тән салиқалы түрде көрінуі, сезілуі оңды болар еді 

Malim Админ

  • 25.04.2022

Өткен аптадан бері Жаңа Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ақпарат беттерінен түскен жоқ. Қарапайым жұртшылықтан бастап, депутаттар да қолбасшының бұл әрекетін қазақ тіліне деген құрметсіздік деп қатаң сынады. Ол аздай министр: «өкпелесең көшіп кет» деп салды, сынап жатқандарға. Осыған орай, белгілі тұлғалардың пікірін сұрап көрген едік, алайда кейбір ағаларымыз тағы да ат-тонын ала қашты. Тек ақын Сұраған Рақметұлы өз пікірін білдіруден бас тартпады. Сұраған Рақметұлы алғашқы оқуын әскери-саяси институтта бітіргендіктен Қорғаныс министрі қандай болуы керек, этикасы және оның мемлекеттік тілді игеруіне қатысты көзқарасын білген едік. Ақын бұл пікірін Президент Қ.Тоқаевтың назарына іліксе дейді.

Сұраған Рақметұлы, ақын, тарих ғылымдарының кандидаты:

– Ішке сыймады. Мүлт кетуге болмайтын өтпелі кезең! Бір емес, біреше реткі оқиға, қателік. Тымағын теріс киіп, белгісін қарақұсына қадаған сардар, погонін (иіндік) теріс таққан полковник прокурор, басынан теріс бағынып қыңырайған генерал, өзге тілде сандырақтап, қазақ тілін аяққа таптағандар соңғы кезде өте көбейіп барады. Солардың бірі – Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Бір кездері ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болған дардай тұлға. Апырай, осылай да болады екен!? Тіпті бөтен, бөгде біреудей. Мұндай келеңсіздікті көріп отырған қарапайым жұрттың жігері құм болып, ұлттық сенімен айырылары сөзсіз, енді!? 

Ұлттық Ұланның бас қолбасшысы, Қарулы Күштердің ең қаһарлысы, патриоттылықтың айнасы болуы керек емес пе!? Өйтпеді. Неше күн бұрын бір брифингте, теле мүйісте осы Қорғаныс министрінің сыртқы тұрпаты түк ұнамады. Журналистлердің сауалына берген алқын-жұлқын жауабына біртүрлі тіксініп қалдық!? 

«Қазақ тілінде сұхбат неге бермейсіз?» деген сауалға: «Вы знаете, вот посмотрите: Наш первый президент, – Елбасы говорил так: Когда собираются 100 казахов и среди них один не казахоязычный, мы переходим на руский язык для того, чтобы не оскорбить чьй - то чувства. По этому когда мы с вами будем один на один разговаривать, то казакша сойлемиз. Жарайды ма?» – дейді.

Қалай ойласақ та Қорғаныс министріне лайық емес бейсауат біреу секілді көрінді көзге... «Біздің генерал осы болса...» деп іштей біртүрлі ренжіп, сыңар күмәнмен ауыр ойға қалдық. 

АҚШ-тың екі жақ сүйегіне пышақ жанығандай, қырып алар артық еті жоқ жарау аттай суық жүзді сұңғақ генералы еске түсті. Білімдар, дүниеге тек өз елінің көзімен қарайтын сұңғыла. Бізде неге мұндай сүлік қара торы ер тұлғалы жігіттер таңдалмайды!? Мысалы, Тоқтар Әубәкіровтің жас жігіт кезіндегідей! Халықаралық геосаяси ойындар, әскери технологиялар күрт өзгере бастаған тұстағы Қорғаныс серкесінің бет-бейнесі көпшілікке нақты қазақы қолбасшы, биік парасатты, берік ұстанымды сардарға тән салиқалы түрде көрінуі, сезілуі оңды болар еді. 

Әскери доктриналық мағлұматты жұрт өз ана тілінде тыңдағысы келеді. Өңірлік округтер туралы, аумақтық ұстанымға байланысты журналистнің министрге қойған сауалына берілген жауап қанағатты болмаса да түсінікті болуы шарт еді, алайда мүлдемге тартымсыз, мардымсыз болды. Ел-жұрттың сенімін арттыру үшін мобилді күштер туралы жаңа кезеңдік өңірлік ұтқыр күштер тұрғысында да сенімді ақпараттар, ықшамды пайымдаулар берілуі керек еді. 

Армия кадрлері протекциядан аулақ, дұрыс таңдалып, жасақтанбай жатса, оларға салық төлеуші халық жақсы сенбесе, Ұлттық тәуелсіздікке қауіп төнуі әбден мүмкін. Ұлттық ұланның кәсібиленуінің әлқиссасы – әскери оқу орындарының әлеуетімен тіке байланысты. Ұлттық қауіпсіздікке қатысты халықтың сауалына өте сауатты жауап қайтарылуы қажет. Себебі, тәуелсіз елдің сенімді қорғанысына, қауіпсіздігіне алаңдаушы жұрттың дәл бүгінгі сенімін жоғалтып алмау үшін білікті мамандардың тұжырымдарына зәрушілік көп. Билік тараптары бұл реткі ағаттықтан сабақ алуы жөн. Генерал Руслан Фатихұлы қазақ халқынан кешу өтінсін! 

Соңғы кезде әскери формаға, әсіресе күштік құрылымда қызметте тұратын әйел затының киген әскери киімдері, нағыз әскериліктерге тән мәдениеті бір түрлі қонымсыздау, оғаш болып барады. Көршілес Қытайдың, Оңтүстік Кореянің әскерилерін көріп жүрміз!? Олардың сырт пішіні, ұлттық кербездігі, ұлттық санасы, сән-салтанаттылығы еріксіз көз тартады. Іркілдеген толық емес, қалай болса солай қолайсыз киінуді олардың заңы мен ережелері мақұл көрмейді. Жастарының да Қарулы күштеріне деген құрметімен ерекше. Біз қазақ деген өзіндік бет-бейнесі әлемге мәшһүр ұлтпыз. Еуразия құрлығында өз орнымыз бар, тарихи үдерісте дамушы ата заңы бар зайырлы Ел есебіндеміз. 

Әскери форма киген әйелдердің сымбаты бек жарасымды, бірүлгі болуы бүгінгі талап. Мұндай армия, күштік құрылымы өміршең болмақ. 

Әйел сарбаздар үшін олардың киімі, мұнтаздай болумен қатар шашы да жинақы болуы керек емес пе!? Әр әйелдің басындағы шашы өз шүйке басынікі болғанымен әскери саптағы сардар, сарбаз ұрғашылардың шаш-етегі әскери ережелермен,мемлекеттік белгілі бір рәміздік стандартпен көрсетіліп тиянақталуы тиіс. Сары, қызыл түспен боянған, бейсайқы карнавалдарша қобыратып немесе қуыршақ театрының маскарадшыларына сықпыты оғашқонымсыз болуға және олай анайы тарануға әсте болмайды. Бүгін бәрі керісінше беталды лағып бара жатқан секілді!? 

Сөз сыңайында: Ұлттық ұланның киімін қайта жаңғырту тура. Маңдайында қап-қара күнқағары бар қаракөл папаһы тымақ, қоқырайған шаңырақ қалпақтың дәурені өтті.

P.S. Погонын теріс таққан Қарағанды облысының прокуроры және Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған 18 жастағы маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай 4 күннен кейін қайтыс болуы сынды қорғаныс саласына қатысты жайттарға министр Руслан Жақсылықов түсініктеме беріп, халықтан кешірім сұрамады.

Сондай-ақ, қазақша сөйлегісі келмейтін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов туралы мынадай деректер бар екен: бірінші ол экс-президент Н. Назарбаевтың жерлесі (Қаскелең); екінші әскери білімді Ресейде алған (Фрунзе академиясы және Бас штаб академиясы); үшінші Қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт халыққа оқ тиіп жатқан кезде Ұлттық ұланның қолбасшысы болды; төртінші Қорғаныс министрі қызметіне Қаңтар қырғынынан кейін тағайындалды.

Дайындаған Бақытбек ҚАДЫР

 

 

Байланысты жаналықтар

9 трлн теңге: Ұлттық ұланға қатысты аудит жүргізіліп жатыр

30.10.2024

Астанада бір күнде үш бірдей есірткі таратушы ұсталды

20.10.2024

Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

27.09.2024

Ұлттық Ұланға жаңа басшы тағайындалды

18.09.2024

Ұлттық ұлан офицерлері Өскеменде жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр

05.09.2024

«Бізге қатысы жоқ». Қорғаныс минстрлігі жауынгерлер өліміне түсініктеме берді

29.06.2024
MalimBlocks
9 трлн теңге: Ұлттық ұланға қатысты аудит жүргізіліп жатыр

Астанада бір күнде үш бірдей есірткі таратушы ұсталды

Олар есірткі заттарын ағаш түбіне жасырып жатып ұсталған

Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді

Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар былтыр желтоқсанда әскерде жүргенде комаға түскен

Ұлттық Ұланға жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы Ақорда президенттің өкімін жариялады

Ұлттық ұлан офицерлері Өскеменде жауынгерлік дайындықтан өтіп жатыр

Жиында теориялық сабақтар практикалық жатығулармен бірге өткізілді

«Бізге қатысы жоқ». Қорғаныс минстрлігі жауынгерлер өліміне түсініктеме берді

Министрлік бұл жағдайды Ұлттық ұланға сілтеген