Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға бермейді. Нигериялық күдікті табылмай жатыр

Күдікті халықаралық іздеуде болуына байланысты соталды тергеу амалдары тоқтады

Malim Админ

  • 31.05.2022

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартты.   Бұл туралы Бас  прокуратура мәлімдеді. 

«2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға ауысуы туралы жазбаша өтініш келіп түсті. Сол күні қытай тарапына тиісті сұраныс жіберілді. ҚХР Әділет министрлігінің 03.03.2021 жылғы жауабына сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына беруден өмір бойына сотталғандығына байланысты бас тартылды», - деді бас прокурорлар халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев.   

Прокурордың айтуынша, қазақстандық тарап Ақжарқынды Қазақстанға ауыстырудан үмітін үзбейтінін, егер Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, жазаны өтеудің нақты уақытын тағайындаса, бәрі мүмкін екенін айтты.

Қытайдағы Қазақстан елшілігі қолданыстағы заңға сәйкес А.Тұрлыбайдың жаза мерзімін қысқарту үкім заңды күшіне енген сәттен 2-3 жыл өткеннен кейін мүмкін болатынын айтты. Бұл мәселе тұрақты бақылауда, А.Тұрлыбайға қатысты жаза жеңілдесе не жазаның нақты мерзімі айтылса Бас прокуратура оны Қазақстанға ауыстыру туралы қайтадан сұрау салатынын айтты.

Прокуратура өкілі Қойгелдиевтің мәлімдеуінше, Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті нигериялық әлі халықаралық іздеуде жүр.  

Нигерия азаматы A.N.F. қатысты есірткі заттарын өткізу дерегі бойынша қылмыстық іспен Алматы қаласы полиция департаменті айналысып жатыр. Күдікті халықаралық іздеуде болуына байланысты соталды тергеу амалдары тоқтады.    

Байланысты жаналықтар

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қашан оралады? Прокуратура жауабы

31.10.2024

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға бермейді. Нигериялық күдікті табылмай жатыр

MalimBlocks
Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қашан оралады? Прокуратура жауабы

Ақжарқынның жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арыз жолданған

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға бермейді. Нигериялық күдікті табылмай жатыр

Күдікті халықаралық іздеуде болуына байланысты соталды тергеу амалдары тоқтады