Қытай елшісі: АҚШ-тың Сайрагүлді марапаттауы – барып тұрған арандату

Malim Админ

  • 07.03.2020

 Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан СЯО АҚШ-тың этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға "Батыл әйел" сыйлығын тапсыруды сынап, мұны "Қытайдың ішкі ісіне қол сұғуға бағытталған арандату әрекеті" деп атады. Елші бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Чжан Сяо марапаттау рәсімі "қызықсыз циркті елестетіп, Вашингтонның шын мәніндегі мақсаты мен пиғылын ашып берді" дейді.

Елші "Вашингтон Шыңжаңдағы мәселені қайта-қайта көтеріп, жалған ақпарат таратып, Қытайға жала жауып отыр", ондағы АҚШ-тың көздегені –"Шыңжаңды ұлтаралық қантөгіс аймағына айналдырып, Қытаймен есеп айырысу" дейді.

Елші Шыңжаңда аз ұлттарды қудалау бар екенін бұған дейін де жоққа шығарған. Осы жолғы жазбасында Ч.Сяо саяси лагерьлерді "кәсіпке баулу орталықтары" деп атап, оны бітіргендер "жұмысқа тұрып, нан тауып, қоғамға қауіпсіз бола бастады" депті. Қытай мұндай орталықтарды экстремизммен күрес үшін ойлап тапқанын келтірген елші бұл іс нәтижесін беріп, Шыңжаңдағы ахуал "қауіпсіз бола бастағанын" айтады.

АҚШ-тың Сайрагүл Сауытбайға батылдық үшін берген сыйлығын сынаған елші Сауытбайды "Отанын сатып кетті" деп айыптайды.

"Оның батылдығы – өзін және отбасын асыраған Отанын сатып, еліне күйе жағуы. Батыл болса, онда неге Шыңжаңдағы несиесін жаппайды?" – дейді елші.

Қазақстаннан пана сұраған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қытайдағы саяси лагерьлердегі ахуалды баяндап, онда аз ұлттарға қысым көрсетілетінін мәлімдеген. Шыңжаңдағы саяси лагерьлердің бірінде жұмыс істеген ол Қазақстан өзін Қытайға қайтарса, өлім жазасына тартылатынын айтқан. Қазақстан С.Сауытбайды Қытайға қайтармағанымен, босқын мәртебесін бермеді. Былтыр жазда С.Сауытбай Швециядан саяси баспана алған. 4 наурыз күні АҚШ мемлекеттік департаменті С.Сауытбайға "Батыл әйел" халықаралық сыйлығын тапсырған.

 

 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген