Қытай елшісі: Коронавирус тарай бастағанда қайда қарап отырдыңдар?!

Malim Админ

  • 14.03.2020

Қазақстандағы коронавируске шалдыққандар алты адамға жеткен уақытта еліміздегі Қытай елшісі Чжан СЯО Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында "індет жайыла бастағанда қайда қарап отырдыңдар?" деп жекіген жазба жариялады. Дәл осы жазба Қазақстандағы ҚХР-дың елшілігі жүргізетін Twitter-дегі парақшаға да салыныпты.

Бұл жазбада Қытай елшісі коронавирус індеті тарала бастаған шақта геосаяси ойындармен жүргендерді айыптай сөйлейді.

"Індет жайыла бастаған кезде не бітіріп жүрдіңіздер? Геосаяси ойын, ішкі саясат пен Қытайды қаралаудан қолдарыңыз тимеді. Қытайлар әлемнің бүкіл елі, оның ішінде сіздерге ұтып берген алтын уақытты босқа сарп еттіңіздер", - дейді елші.

Чжан Сяоның бастапқыда кімге жеки сөйлегенін ұғу қиын. Бірақ "Денсаулық сақтау саласы шенеуніктерінің індеттің алу алу жөніндегі ескертулерін "жалған" деп, ахуалды бақылауда ұстап отырмыз дедіңіздер. Ал қазір вирус штаттардың көпшілігіне тарап, 40 адам қаза болғанда, бірден бөрікті аспанға атуды қойып, абдырап қалдыңыздар" деген жолдардан кейін елшінің мұны АҚШ-қа қарата жазғаны білінеді.

Чжан Сяо індетке қарсы жедел іс-қимылды қолға алу орнына "Қытайға кінә артып, оны қытай вирусы деп атаған" АҚШ-ты сынайды. "Кінәліні іздеуді қою керек. Сіздерде маска, қолғап, тестер мен қажет техника жетіспейді. Қор нарығы құлдырап жатыр. Бұған да Қытай кінәлі ме?" - дейді елші.

Жазбасында "штаттар" деген сөзді бір рет қана атаған елші пікірін толықтай орыс тілінде жазған. Ал орыс тілінде жазылған жазба АҚШ-қа қаратылғанымен, оны американдықтардың оқуы екіталай. Оның үстіне елшінің бұл жазбасы жеке парақшасында ғана емес, Twitter-дегі Қазақстандағы Қытай елшілігінің ресми парақшасында жарияланған. Демек, елшінің жазған-сызғанын басқа емес, қазақстандықтар оқитыны белгілі.

Чжан Сяоның ашуға мініп, өршелене жазған посты жалғыз бұл емес. Қытайдағы саяси лагерьлер туралы айтқан этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды өткенде АҚШ мемлекеттік департаменті "Батыл әйел" сыйлығымен марапаттағана, Чжан Сяо мұны да сынап, "арандату" деп атаған. Елші С.Сауытбайға сыйлық тапсыру – "Қытайдың ішкі ісіне қол сұғу" екенін келтіріп, марапаттау рәсімі "қызықсыз циркті елестетіп, Вашингтонның шын мәніндегі мақсаты мен пиғылын ашып берді" деген.

Елші "Вашингтон Шыңжаңдағы мәселені қайта-қайта көтеріп, жалған ақпарат таратып, Қытайға жала жауып отыр", ондағы АҚШ-тың көздегені – "Шыңжаңды ұлтаралық қантөгіс аймағына айналдырып, Қытайдан кек алу" дейді.

Чжан Сяо бұған дейінгі мәлімдемелері мен жазбаларында да Шыңжаңда аз ұлттарды қудалау бар екенін жоққа шығарған. Сайрагүл туралы жазбасында елші осы тақырыпқа қайта оралып, саяси лагерьлерді "кәсіпке баулу орталықтары" деп атап, оны бітіргендер "жұмысқа тұрып, нан тауып, қоғамға қауіпсіз бола бастады" дейді. Қытай мұндай орталықтарды экстремизммен күрес үшін ойлап тапқанын келтірген елші бұл іс нәтижесін беріп, Шыңжаңдағы ахуал «қауіпсіз бола бастағанын» айтады.

АҚШ-тың Сайрагүл Сауытбайға батылдық үшін берген сыйлығын сынаған елші Сауытбайды «Отанын сатып кетті» деп айыптайды. «Оның батылдығы – өзін және отбасын асыраған Отанын сатып, еліне күйе жағуы. Батыл болса, онда неге Шыңжаңдағы несиесін жаппайды?» – дейді елші.

Ақпан айының басында Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келіп кеткен соң да Чжан Сяо АҚШ-тың басына ит терісін қаптатып мәлімдеме жасады. Сонда Қытай елшісі М.Помпеоның Қазақстанды Шыңжаңдағы аз ұлттарды қудалап жатқан Бейжіңге қысым жасауға шақырған мәлімдемесіне шүйліккен. Қазақстандағы Қытай елшілігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде Ч.Сяо М.Помпеонің бұл мәлімдемесін "спектакль" деп бағалап, бұл сөздер оны "мансапқұмар"етіп көрсеткенін айтады. Ч.Сяо бұл мәлімдемесінде де Шыңжаңда аз ұлттарды қудалау көріп жатқанын жоққа шығарып, ол жайлы ақпараттарды "жаңсақ және күлкілі" деп атайды.

“АҚШ аймақтағы алауыздықты қоздырып, өзінің монополиясын орнатқысы келеді. Помпео мырзадан сұрағым келетіні, сіздер Қазақстанда бір шақырым жол төсеп я бір көпір салдыңыздар ма? Егер шынымен қазақстандықтарға жандарыңыз ашыса, Қазақстанның ең табысты саласы мұнайға ғана көңіл бөлмей, Қазақстанның индустриясы мен инфраструктурасына да ақша құюға назар аударсаңыздар. Қытай сияқты елдің экономикасына ақша құюға дәттеріңіз жете ме? Олай жасай алмасаңыздар, қазақстандықтарға қарата айтқан сөзіңіз екіжүзділік болмақ”, деп сынайды Қытай елшісі.

"Қытай коронавируспен күреске бар күшін салып жатқан уақытта, Помпео коронавирустың тарлуы жайлы мәселені жеке бас мақсатына пайдалануы – арам және жымысқы әрекет. Бұл адамгершілікке жатпайтын әрекет арқылы ол шектен шықты. Барлық елдер Қытайға осы індетпен күресуге қолдау білдіріп, көмек көрсетіп жатса, АҚШ Қытайдың бұл індетті жеңуіне септесетіндей ештеңе жасамады, керісінше өз азаматтарын Уханьнан алып шығып, Қытайды Ауғанстан мен Ирак тәрізді сапарлауға қауіпті елдер қатарына қосты, бірінші болып Бейжіңдегі елшілік қызметкерлерінің санын қысқартты. Ондағы мақсаты – дүрбелең мен сенімсіздік тудыру".

Фото Чжан Сяоның Facebook парақшасынан алынды.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.