Қытай консулдығында өткен 500 күн – «Саяси лагерьдегі қазақтарға бостандық!»

Бүгін Алматыдағы Қытай консулдығы алдына жиналған қазақстандықтар Қытайдағы «саяси лагерде» қамауда отырған туыстарын босатуды талап етті. Олардың осы талаппен консулдық алдына келіп жүргендеріне бүгін 500 күн болған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 22.06.2022

Жиналған он шақты адам «Қытай туыстарымызды босат», «Концлагер жабылсын», «Үй-қамақта, қыспақта отырған бауырларымызды Қазақстанға жібер», «Туыстарымыз Қазақстанға оралмайынша біз осы жерге келе береміз» деп ұрандатып, Байтасов көшесі бойында орналасқан консулдық ғимаратына бет алған. Алайда Алматы қаласы полициясы олардың жолын бөгеп, консулдыққа қарай жібермеді.
«Балаларымды 4 ай қыста оқисыңдар деп алдап алып кеткен. 4 ай емес, 5 жыл болды. Консулдықтың босағасына келіп жүргеніме 500 жүз күн болды. Сондағы бар таққан айыбы жұмаға бардың, бес уақыт намаз оқыдың депті. Балаларымды тапқанша, осы суреттерді көтеріп, қайда болсын баруға дайынмын. Си Цзинпинь менің балаларым қайда? Менің балаларымды тауып бер», - деді зейнет жасындағы Қалида Ақытқын.


Ұрандатып тұрған халыққа Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Рита Ерманова келді.
«Қазіргі сіздердің іс-шараларыңызға Алматы қаласы әкімдігі тарапынан ешқандай рұқсат берілмеген. Сондықтан да заңсыз іс-шараны ұйымдастырған азаматтар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертемін. Сол себепті плакаттарыңызды жинап, мына жерден тарқауларыңызды талап етеміз», - деді ол.
Жиналғандар оны кері шақырып консулдық алдына баруға келіспек болған, алайда ол аумақтан біржола кетіп қалып, қайта оралмады. Қытайда қамауда отырған Қазақстан азаматы Асқар Азатбектің бауыры Гаухар Құрманәлиева жалғыз өзін плакатсыз консулдық алдына өткізіп, дипломаттармен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады. Алайда Алматы қаласы полиция департаметінен келген Әлібек Қозыбеков оларды үйлеріне қайтуға шақырды. Және жиналғандар өз еркімен қайтпаған жағдайда полиция алып кететінін ескертті.
«Сіз үшін біздің мына жерге келгеніміз заңсыз болар, бірақ туысын таба алмай жүрген біз үшін бұл әрекет заңсыз емес. Біз біреуден нан сұрап келген жоқпыз. Біз тіпті сізге келмедік. Мен Қытай консулдығына келдім. Неге ол жаққа өткізбейсіздер?», - деп сұрақ қойды Гаухар Құрманәлиева.


Полиция өкілі бұл туралы прокуратура өкілі айтып беретінін ескертті. Прокуратура өкілі Олжас Нұрғазиев те жиналғандардың әрекеті заңсыз екенін ескертіп, оларды бейбіт түрде тарқауға шақырды. Және заңсыз әрекет үшін әкімшілік-қылмыстық жауапкершілік барын айта кетті.
«500 күн болды. 500 күн бойы Қытайдың консулдығының алдында жаттық, барлығын істедік. Астанаға да барып келдік. Күні бүгінге дейін Қытайдың жабайы Сыртқы істер министрлігінің жабайы елшілігі сыртқа шығып, бір жауап берген жоқ. Олар нағыз нацист, фашист, геноцид істеп отыр. Әкемді өлтіргенімен қоймай, шешем мен екі інімді күні бүгінге дейін барымталап отыр. Қазақстанды құрметтеген жоқ, Қазақстан мемлекетін құрметтеген жоқ. Біздің Сыртқы істер министрлігінің ноталарына бірде-бір рет жауап берген жоқ. Отбасымызды жіберсін. 500 күн болды, 5000 күн болса да келеміз осында», - деді Ақиқат Қалиолла.
Жиналғандар қайтадан ұрандатып, талаптарын айтты. Полиция жай ғана жолды бөгеп тұрды.
«2 жыл Қытайда қамауда болдым. Оның бір бөлігі үйқамақта өтті. Шала өліп келдік қой. Маған тағылған бар айып Қазақстанға келіп, кеткендігім. Олардың сенімінде Қазақстан 26 террорлық мемлекеттің құрамына кіреді. Меніңше, Қазақстан ешқандай террорлық мемлекет емес», - деді өзін Қытай қамауында болдым деп таныстырған Бақытәлі Нұр.


Консулдық өкілімен азаматтарды қабылдауға келісуге кеткен полицей консулдықтың азаматтарды түске дейін ғана қабылдайтынын айтты.
Келгеннен Си Цзинпиньді қарғап тұрған азаматтар сөз соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа уәж айтып, өз туыстарын елге қайтару тек Тоқаевтың қолында екенін, одан өзге адамның бұлай істей алмайтынын айтып өтініш білдірді. Митингке шыққандар тарқағаннан кейін полиция қызметкерлері де кетіп қалды.

Байланысты жаналықтар

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде екінші орын алды

23.11.2024

Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

22.11.2024

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

14.11.2024

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

11.11.2024

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

10.11.2024
MalimBlocks
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде екінші орын алды

Ол енді еркін бағдарлама сынына қатысады

Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

Оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Алматыны қар басты: Бір түнде 52 жол апаты тіркелді

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады

Қазақстан хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы

Шешуші ойында ұлттық құрама Жапонияны ұтты