Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тарта ма? - министр жауабы

Ресей Қазақстанмен жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысынан кейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Журналистердің “Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тартуы мүмкін бе?” деген сұрағына министр былай деп жауап берді:
"Кеше Рогозин мырза ("Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин – ред.) жоспар өзгермегенін мәлімдеді. Олар Қазақстанмен одан әрі жұмыс істей беретінін және жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыратынын айтты".
Мусиннің сөзінше, Қазақстан ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуге дайындалып жатыр.
"Бізде шамамен 15-20 сәуірде бірқатар мәселе бойынша келіссөздер өткізу жоспарланған. Оның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалы жобалар да бар", - деді министр.
Мусин Ресей Байқоңырды жалға алып отырғаны үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін атап өтті. Аталған келісімшарт 2050 жылға дейін бекітілген.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов
Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.