Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді
Миллиардер Тимур Турлов «Ресейден көп көлемде ақша алып кетпекші болды» деген күдікке ілініп, көрші елдегі мүліктеріне шектеу қойылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Тимур Турловқа тиесілі жылжымайтын мүлікке, соның ішінде «Marine Operations Services» ЖШС-дегі 49% үлесіне, 18,95 млн еуро және 2, 05 млн доллар көлеміндегі ақшалай және басқа да мүлікке тыйым салу түріндегі уақытша шаралар қабылдансын», - делінген Ресейдің Нижний Новгород облысының арбитраждық сотының қаулысында.
Айта кетейік, Ресейдің «Депозиттерге кепілдік беру агенттігі» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан азаматтығын алған кәсіпкер Тимур Турловтан активтерін Ресейден шығарғаны үшін келтірілген шығынды өндіруді талап еткен болатын.
Фото: Интернеттен