"Ресми өкіл ретінде айтамын, сенбеңіздер. Бәрі ойдан шығарылған нәрсе"

Malim Админ

  • 17.06.2020

«Ашық алаң» ток-шоуында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің сөзі дәрігер Қайырғали Көнеевтің сынына ұшырады. Министрліктің ресми өкілі халықтың коронавирусқа сенбей жатқанын айтып, өзінше сарказмға көшеді. «Қараңыздаршы, күніне мыңға жуық адам қосылып жатыр. Осылай кете беретін болса, не істейміз?  Бізді тыңдап отырған, қазақстандықтар, сенбеңіздер. Ертең сіздер ауырғанда ауруханада орын да қалмайды. Сосын сіздерді ашығын айтқанда, жерлейміз. Мен ресми өкіл ретінде айтамын, сенбеңіздер. Бәрі ойдан шығарылған нәрсе.

Қазір дәрігер маман да айтып жатыр, ауруханаларда орын жоқ. Бізді тыңдап отырғандар, егер сенбесеңіздер, сіздер ертең жұқтырасыздар. Сосын орын қалмайды. Аурасыздар, көз жұмасыздар», – дейді Диас Ахметшәріп.

Ток-шоудың видеосын бөлісе отырып, Қайырғали Көнеев былай дейді:

«Денсаулық сақтау министрлігінің өкілінің сөзінше, короноврусқа сенбейтіндердің бәрі өледі. Неге екені, Денсаулық сақтау министрлігі біздің халықтың сақтығын күшейте алмай отыр. Осындай сөздерімен, керісінше халықты шындықтан алыстады. Меніңше бұл, кәсібиліктің төмендігінен».

Осылай деген дәрігер, соңында коронавирус туралы өз ойын айтады. «Коронавирус өте қауіпті ауру. Ұзақ жүретін, соңы өлімге де соқтыруы мүмкін дерт. Жеке өзім, қатты аурып, қазір жазылған әріптестерімді білемін. Бірнеше танысым туыстарынан, ата-аналарынан осы дерт себепті айырылды.

Сақтаныңыздар! Тазалықты сақтаңыздар», – деді Қайырғали Көнеев.

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында 149 адам коронавирус жұқтырды

05.01.2021

Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

21.03.2020

Бекшин коронавирусқа жаңа болжам жасады

18.11.2021

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

12.05.2020

Олимпиада 2021 жылы өтетін болды

24.03.2020

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

28.10.2020
MalimBlocks
Атырау облысында 149 адам коронавирус жұқтырды

Тойшыл Назарбаев коронавирусқа қарсы 150 миллион бөлді

Бекшин коронавирусқа жаңа болжам жасады

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсан айында коронавируспен ауыратындар саны көбеюі мүмкін екенін айтады.

Қызылордалықтар блок-бекетке наразылыққа шықты

Олимпиада 2021 жылы өтетін болды

...Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін